Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Қостанай облысының 26 ауылында электр жүйесі қалпына келтірілді
Оңтүстік өңірлерде су тасқыны салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасып, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі мен жұмыс комиссиясы тәулік бойы жергілікті жерлерде жағдайды бақылап, барлық жұмылдырылған құрылымдардың іс-қимылын үйлестіріп отыр.
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Қостанай облысында зардап шеккендерге төлем төлеу басталды
Өңірде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып, су тасқынына қарсы шаралардың барлығы кешенді жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, 3 ауданның аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады, олар –Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласы.
Оқиға • 30 Наурыз, 2024
Жангелдин ауданында жоғалған үш адам екі күннен кейін табылды
Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылына да су кіре бастады. Жарық, жол, байланыс жоқ. Қыстауда отырған шаруа мен оны іздеп кеткен баласы екі күннен бері хабар-ошарсыз кеткен еді. Бұл туралы тиісті орындарға хабар берілген.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Байланыс операторы тұрғындарға тегін қызметтерін аударды
«Beeline» ұялы байланыс операторы төтенше жағдай режімі жарияланған Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарының тұрғындарына тегін байланыс қызметтерін аудара бастады.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Эвакуацияланған оқушылар Арқалықта оқуларын жалғастырып жатыр
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалықта жедел штаб отырысын өткізді. Шұғыл кеңесте Торғай өңіріндегі су басып қалған елді мекендерден шығарылған балалардың оқудан қол үзіп қалмауын қамтамасыз ету мәселесі де қаралды.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Торғайда ұялы байланыс қызметі қалпына келтіріліп жатыр
Су тасқыны салдарынан Амангелді және Жангелдин аудандарындағы елді мекендердің көбі ұялы байланыссыз қалған. Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов зардап шеккен өңірлердегі байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Қостанай облысында су құрсауынан 575 адам құтқарылды
Қостанай облысында қызыл судың құрсауында қалған 575 адам, оның ішінде 180 бала құтқарылды.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Қостанай облысы су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатыр
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында тасқын су тағы қайталануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 29 Наурыз, 2024
Қостанай облысының оңтүстігіндегі елді еріген қар суы әбігерге салып жатыр. Әсіресе Арқалықтың маңайындағы елді мекендер қиын жағдайда. Күн райының күрт жылынуы салдарынан Арқалық қаласына қарасты бірнеше ауылды және Амангелді кентін қызыл су басып қалған. Жангелдин ауданында жолды су шайып кетіп жатыр. Жағдайдың ушығуына байланысты Арқалық қаласында, Амангелді, Жангелдин аудандарында төтенше жағдай жарияланды.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер көмексіз қалмайды - облыс әкімі
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов екі күннен бері жойқын су тасқыны болып жатқан Арқалық қаласында, Амнгелді, Жангелдин аудандарында жүр. Арқалықта БАҚ өкілдеріне сұқбат берген әкім жағдайды тікелей өз бақылауына алғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.