Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1984 материал табылды

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2024

Алаш көсемінің мүсіні

Өңірде Әлихан Бөкейхан атындағы екі мектеп бар. Біріншісі – Қостанайдағы аралас мектеп. Екіншісі – темір кенімен даңқы шыққан Қашар кентіндегі қазақ мектебі. Мұнда негізінен Өзбекстаннан көшіп келген қандастардың балалары білім алып жатыр. Айтпағымыз, осы екі білім ордасының қайсысына бара қалсаңыз да, кіреберіс кең дәліздің төрінен Алаш көсемінің мүсінін көресіз.

Өндіріс • 04 Қыркүйек, 2024

Кәсіпорын ішкі сұранысты толық өтейді

Бизнес өрісін кеңейту бағытындағы мемлекет бағдарламасының шарапатын көріп отырған кәсіпорынның бірі – «Жас қанат-2006» құс фабрикасы. Бүгінде өндіріс үдерісін түгел дерлік цифрландырып, толықтай жаңа технологиямен жарақтанып алған ірі кәсіпорын бірталай жылдан бері өңірді сапалы әрі экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп отыр.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2024

Торғайдағы қоныстой

Қостанай облысы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды жаңа баспанамен қамтамасыз ету туралы Президент тапсырмасын мерзімінен бұрын аяқтады. Күн жылып, жер дегди сала басталған ауқымды құрылыс жұмыстарының нәтижесі 28 тамызда Торғай өңіріндегі Амангелді, Жангелдин аудандарында өткен қоныстойда қорытындыланды.

Зерде • 27 Тамыз, 2024

Жабай шатқалындағы шайқас

1982 жылы арнайы тапсырмамен тау бөктеріндегі бірнеше қышлақты сүзіп шыққан десантшылар тобы қайтар жолдағы еңіске түсіп келе жатып Жабай шатқалына кіре бергенде жергілікті оппозиция күштерінің мықты тосқауылына тап болады. Осы шайқаста қарулас жолдастарының өрден бұршақша төпелеп тұрған оқтан бой тасалап үлгеруіне жол ашып беріп, өзі сол жерде жау мергенінің оғынан қаза тапқан қатардағы пулеметші, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Қайырбек Мұқановтың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Еңбек • 24 Тамыз, 2024

Кеншілер қуанышы

ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай» тау-кен ба­йыту өндірістік бірлестігі Шахтер күні мерекесі мен кәсіпорынның 70 жылдығын атап өтті. Салтанатты іс-шарада ССКӨБ және Қашар кенішінің 300-ден аса қызметкері мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды.

Өндіріс • 23 Тамыз, 2024

Баламасы аз, сұранысы көп кәсіпорын

Қостанайдағы арматура-оқшаулағыш зауыты жоғары кернеулі электр желілерінде пайдаланылатын шыны, полимер, фарфордан құйылған оқшаулағыштар мен желілік арматура шығарады.

Білім • 21 Тамыз, 2024

1-сыныпқа 11 мың бала барады

Биыл өңірде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында төрт мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен тағы екі мектеп ашылады.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2024

Кеніштегі кездесу

Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Amanat» фракциясының мүшесі Альберт Рау Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде жер астынан кен таситын ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесті.

Қоғам • 15 Тамыз, 2024

Өз баламызды өзекке теппесек...

Тоғызыншы сыныпты кілең бестікпен бітірген Әселдің спорттағы жетістігі де то­лайым. Мектебінің мерейін асырып, ата-анасы мен ұстаздарының қуанышы болып жүр. Алайда былтыр 16 жасқа толған Әселге құзырлы орын жеке куәлік беруден бас тартты. Өйткені Қазақстан Республикасының азаматы емес екен. Оны 16 жасында бір-ақ білген баланың қандай күй кешкенін сөзбен айтып жеткізу қиын.

Экология • 03 Тамыз, 2024

Экологиялық мәдениет апталығы

Қостанайда экологиялық апталық аясында өткен ауқымды сенбілікке 500-ге жуық мемлекеттік қызметші, волонтер шықты. Бұл жолы Тобыл бойындағы «Шағала» серуен алаңы мен қалалық жағажайды жалғап жатқан аралық шіріген ағаш, қисық бұтақтан аршылып, жол шеті қоқыстан ­тазарып қалды.

Яндекс.Метрика