Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1985 материал табылды

Шахмат • 07 Қараша, 2024

Шаршы тақтадағы «шайқас»

Ақыл мен ой, ми мен жүрек қуаты таразыға түсетін спорт ойындарының төресі – шахмат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде есімдерін әлем жұртшылығы жақсы білетін Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева сынды шаршы тақта шеберлерімен кездесуінде елімізде шахматпен шындап шұғылданатындардың саны 200 мыңнан асатынын, бұл көрсеткіш кемінде екі есе артуға тиіс екенін тілге тиек ете келіп, аталған спорт түрін алдағы уақытта мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізген дұрыс деген еді.

Аймақтар • 06 Қараша, 2024

Қостанай облысының Амангелді ауылында жылу қазандығы жарылды

Жарылған қазандық Амангелді ауданының орталығындағы 2 қабатты үш тұрғын үйді және сот, мұражай, мәдениет үйін жылытады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп • 06 Қараша, 2024

Ізашар жайлы мектеп

Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған бірінші мектеп пайдалануға берілді. Қостанай ауданының Заречный кентінде бой көтерген заманауи мектепте 900 бала мемлекеттік тілде білім алады.

Кітапхана • 06 Қараша, 2024

3 мыңнан астам кітап сыйлады

1864 жылы Торғайда ашылған тұңғыш мектепте Ыбырай Алтынсариннен алғаш білім алған 13 шәкірттің бірі – Нұрмағанбет Төкеұлы еді. Нұрмағанбеттің әкесі Төке би – осы мектептің құрылысына демеушілік жасаған адам.

Шаруашылық • 05 Қараша, 2024

6 млн тонна астық бастырылды бірақ бидайға сұраныс төмен

Қостанай облысы биыл 5 млн 973 мың тонна астық алды. Орташа түсім гектарына 14 центнерден келді. Ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары 1 гектар алқаптан 17 центнерден жоғары өнім алып отыр. Топырақ құнары төмен, ауа райы егіншілікке қолайсыздау оңтүстік аудандардағы көрсеткіш бұдан әлдеқайда аз. Мысалы, Жангелдин ауданындағы орташа шығым көлемі – гектарына 8 центнерге дейін ғана.

Руханият • 05 Қараша, 2024

Нөсерлеп төккен жыр-ғұмыр

Тобыл өңірінде көрнекті ақын, журналист, ­аудармашы Ғаббас Жұмабайұлының 100 жылдығы аталып өтті. Қаламгердің кіндік қаны тамған Меңдіқара ауданында басталған мерейтой Қостанайда жалғасын тауып, облыстық «Қостанай таңы» газетінің ғимаратында майдангер қаламгерге арналған мемориалдық тақта ашылды.

Байқау • 01 Қараша, 2024

Кішкентай жүректің үлкен сағынышы

Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы қорытындыланды. Облыстық мәдениет басқармасының және Жазушылар одағы өңірлік филиалының қолдауымен биыл төртінші рет өтіп отырған балалар мен жасөспірімдерге арналған байқауға ­22 прозалық туынды келіп түскен.

Қоғам • 25 Қазан, 2024

Рухани дәнекерлерге құрмет

Қостанайдағы «IQostanay» оқушылар сарайында Кітапханашы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында көпшілік оқырманға қашанда қалтқысыз қызмет көрсетуден айнымаған қарапайым жандардың ерен еңбегі ұлықталып, отыздан астам кітапханашыға түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етілді.

Қоғам • 25 Қазан, 2024

«Алтын бесік» әдептілікке тәрбиелейді

Әулиекөл ауылында 280 балаға арналған заманауи балабақша пайдалануға берілді. Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мұғалімдік қызмет атқарып, бала оқытқан шежірелі мекенде халық санының өсімі жоғары. Бұған дейін мұндағы екі балабақша ауыл балаларын сыйдыра алмай, тұрғындар ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр болып келген. Ел қуанышын еселеген үлкен балабақшаға аудандық білім бөлімінде кезекте тұрған балалар түгелдей қабылданды.

Қоғам • 24 Қазан, 2024

Қарасөздің жүйріктері

Қостанайда мемлекеттік қызметшілер аптасына бір рет Абайдың қара­сөздерінен дәріс тыңдап, білген-түйгендерін талқыға салуды дәстүрге айнал­дырған. Челлендж түріндегі дәріс сабақтарын мемлекеттік қыз­метшілер мен өңірге белгілі қоғам белсенділері кезектесіп өткізіп жатыр.

Яндекс.Метрика