Аймақтар • 31 Наурыз, 2025

Қостанай облысында 354 заңсыз қоқыс полигоны жойылды

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев облыс тұрғындарымен кездесуінде өңірдің экологиялық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында 354 заңсыз қоқыс полигоны жойылды

Кездесу барысында Қостанай облысының экологиялық жағдайы тұрақты екенін атап өткен вице-министр өңірде жұмыс істеп жатқан 239 полигонның 123-і ғана санитарлық талаптарға сай екенін тілге тиек етті.

Бүгінде Қостанай облысының ірі өнеркәсіп орындарына автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Алайда жалпы облыс көлемінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, өңдеу жағы кенже қалып келеді.

Нұркен Шәрбиевтің айтуынша, өңірде 373 рұқсат етілмеген полигон анықталып, оның 354-і жойылған.