Аймақтар • 28 Наурыз, 2025

Қостанай облысында 8 ауыл алкогольді ішімдіктен бас тартты

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасы аясында былтыр Милісай, Сарысу, Әбдіғапар, Крамск, Отынағаш, Көктал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартып еді. Биыл алкогольсіз ауылдардың қатарына Ұзынкөл ауданындағы Абай, Оқатқан қосылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында 8 ауыл алкогольді ішімдіктен бас тартты

Облыстық ПД-ның бастығы Ерлан Файзулиннің айтуынша, аталған жоба аясында өңірде жергілікті билік өкілдері мен діни қызметкерлер, ауыл ақсақалдарынан құралған комиссия ауыл-ауылды аралап саламатты өмір салтын насихаттап жатыр. Сондай-ақ, волонтерлер, БАҚ өкілдері мен белсенді азаматтар алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарын қадағалауға алған.

«Аталған жоба саламатты әрі қауіпсіз орта құруды көздейді. «Мәдени қоғам» жобасы аясында Қостанай облысы нашақорлық пен алкогольді ішімдіктен ада мәдени қоғам қалыптастыруға жақсы қадам жасап жатыр», деді Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

 

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше