Ахмет Байтұрсынұлы • 17 Наурыз, 2022
Ұлт ұстазы және Әулиекөл мектебі
Алаш ардағы Ахмет Байтұрсынұлының 1891-1895 жылдары Орынбордағы қазақ мұғалімдер мектебінде оқығаны белгілі. Бұл мектепті бітіріп шыққан түлектерге 6 жыл мұғалімдік қызмет атқару міндеті жүктелген екен.
Қоғам • 17 Наурыз, 2022
Дүкен сөрелерінде сіресіп тұрған қап-қап қант бір күннің ішінде ғайып болғанда, шекерсіз шекесі терлеп, шай іше алмайтын ағайын кәдімгідей абдырап қалған. Сауда орындарында қантпен қоса, шетелден келетін тауықтың сан еті де жоқ болып кетті. Артынша, облыс әкімдігінде өткен кеңесте аймақ басшысы өңірдің азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорында қант бар екенін, мұның сыртында, қосымша қант сатып алуға тағы да қомақты қаражат бөлінгенін айтты.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2022
Әуежайға Ахаңның есімі беріледі
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс шақырылған жетінші сессиясында Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы ұсыныс мақұлданды.
Қоғам • 15 Наурыз, 2022
Жаңа бассейн пайдалануға берілді
Өңір спортшылары бұған дейін №1 спорт мектебіндегі 25 метрлік бассейнде жаттығып келген. Ал жаңа пайдалануға берілген заманауи кешенде ұзындығы 50 метр, тереңдігі 2-3 метр болатын 10 жолақ бар. Мамандар халықаралық талаптарға сай келетін ұзын бассейн жаттығушылардың деңгейін көтеріп, жас спортшыларды жоғарғы жетістіктерге жетелейді деп отыр.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2022
Қазақ тілі техника тілі бола алады
Әдебиет пен тарихқа қатысты әңгіме қозғала қалса, есте жоқ ескіден тартып көз көрмеген келешекке дейін көсіле шабатын қызыл тіл өзіміз күнде тұтынып жүрген қарапайым техника құралдарының ұсақ бөлшектеріне келгенде тасырқап қалатыны белгілі. Астымыздағы көлікке қосалқы бөлшек керек бола қалса, өзге тілге жүгініп, тіл шұбарлауға мәжбүрміз. Көптен бері шешімін таппай келе жатқан бұл мәселе машина жасау саласы қарқынды дамыған Қостанайдағы «СарыарқаАвтопром» кәсіпорнында өткен дөңгелек үстел отырысында талқыланды.
Ахмет Байтұрсынұлы • 14 Наурыз, 2022
Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс шақырылған жетінші сессиясында Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы ұсыныс мақұлданды.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2022
Қар құрсауындағы жолаушылар құтқарылды
Күн ұзарғанымен, Қостанай өңірінде әлі қалың қар сіресіп жатыр. Бұл жақтың ерте көктемінде елжіреп тұрып, есеңгіретіп кететін мінез бар. Мысалы, кеше ғана, 12 наурызда табиғат тағы тосын мінез көрсетіп, аймақты ақ түтек боранға орады. Облыстық төтенше жағдай қызметінің мәліметіне қарағанда, облыстың Қамысты, Сарыкөл, Науырзым, Жангелдин аудандары мен Арқалық, Жітіқара қалаларының маңайында құтқарушылар жолда қалған 100-ден аса жолаушыны қар құрсауынан шығарып алған.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2022
Алқаптағы жұмыс қызатын күн алыс емес
Қостанай облысы әкімдігінде алдағы егіс науқанына дайындық барысы пысықталды. Биылғы көктемде өңір диқандары 5 млн 173 мың гектар алқапқа тұқым себуді жоспарлап отыр. Жиында ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі саланы қаржылық қолдаудың барлық бағыты сақталғаны айтылды.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2022
Ректор – күдікті, ұстаздар – үмітті
Таяуда Тобыл өңірінде өткен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралардың басы-қасынан ұлт ұстазының атын иеленіп отырған Қостанай университетінің басшысын көре алмадық. Алма Досжанова мерейтой күні өзі басқарып отырған білім ордасында өткен дөңгелек үстел отырысында да бой көрсетпеді. Артынша, университет басшысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің күдігіне ілігіп, істі болғаны туралы жайсыз хабар тарады.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Қостанайда тарихи және мәдени ескерткіштердің күтімі мен қазіргі жағдайын тексеріп, көне жәдігерлерді қорғау шараларын күшейту мақсатындағы жұмыстар жүріп жатыр. Қазір тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қайта жаңғырту және қорғау орталығының мамандары көпшілікке тарихи ғимараттар мен монументтерді пайдалану және күтіп-сақтау ережелерін түсіндіруде. Аталған шара наурыздың соңына дейін жалғасады.