Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1549 материал табылды

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қостанай облысында 12 адам госпитальге түсті

Тобыл қаласының провизорлық госпиталіне бүгін түскен 12 адамның барлығы да Қостанай облысының тұрғындары. Оның бесеуі Алматы қаласына Египеттен ұшып келген. Оңтүстік астанада олардан қан алынып, талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Бұдан әрі бес азамат Отардан пойызға мініп, Қостанай облысына жолға шығады.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: коронавируске қарсы шеп құру жоспары пысықталды

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте облыста эпидемиялық жағдай нашарлаған жағдайда Қостанай қаласына кіреберіс жолдарда бақылау-өткізу бекеттерін орнату туралы мәселе сөз болды. Қостанай қаласының әкімі мұндай жағдайда ірі автокөлік жолдарында 6 бақылау-өткізу бекетін орнатуды ұсынды.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қостанай облысында «Біз біргеміз!»: Nur Otan акциясы аясында 4 мыңға жуық адамға әлеуметтік қолдау көрсетіледі

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Шекара жабық, шектеу көп. Бүгінгідей сындарлы кезеңде әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандар қамқорлықтан қағажу қалмауы тиіс. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында қолға алынған бірыңғай республикалық акция қостанайлықтар тарапынан кең қолдауға ие болды. Шараның аймақта жүзеге асу барысы бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста талқыланды.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: Nur Otan филиалдары азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты

Бұл туралы бүгін қала және аудан әкімдерімен онлайн режімде кеңес өткізген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: Керек құжатты үйде отырып-ақ ресімдеуге болады 

Қостанай облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон қызметі тек қана электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсетуге көшті.

Қоғам • 26 Наурыз, 2020

Ұялы байланысы жоқ ұядай ауыл

Қостанай облысында бірнеше ауыл бүгінге дейін Ресейдің ұялы байланысын пайдаланып отыр. Мәселен, Қарабалық ауданына қарасты Приречный ауы­лында қазақстандық байланыс операторлары атымен жоқ. Тұрғындар бір-бірімен ресейлік МТС арқылы хабар алысады. Бұл ауыл­да «Ксеll»-ге кеңістік, «Асtiv»-ке ауа жоқ. Сырттан келген жолаушының теле­фоны тұншығып, тілсіз қалады. Қай­тар жолға шығып, Қарабалыққа жақындаған соң ғана қайта тірілген ұялы те­ле­фонға «Әлемдегі ең алып ел – Ресей­ге қош келдіңіз! Роумингке тіркеліңіз. Ар­зан тариф!» деген хабар түседі. Одан Қос­та­найға жете бергенде «Үйіңізге оралуы­ңызбен! Шетелге жиі саяхаттайсыз ба? Біз арқылы арзан әуе, ТЖ билеттеріне тапсырыс беріңіз!» деген хабарлама тағы түседі. Осылайша Приречныйдан қайтқан жолаушы шекара аспай-ақ шетелге шыққандай күйге түседі.  

Оқиға • 25 Наурыз, 2020

Рудныйда полицейлер мүмкіндігі шектеулі жанды өрттен аман алып қалды

Полиция басқармасының мәліметінше, 22 наурыз күні Рудный қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, өздігінен жүре алмайтын мүмкіндігі шектеулі зейнеткер қызыл жалынға оранған пәтер ішінде қалады.  Оқиға орнына өрт сөндірушілерден бұрын жеткен патрульдік полиция инспекторы Мақсұт Досыбаев пен кіші сержант Төлеген Қастаев дереу қою түтін тұмшалаған бесінші қабатқа көтеріліп, жалын құрсауында қалған зағипті  дін аман сыртқа алып шығады.

Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Қостанайда Densaylyq Qostanai қоры құрылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда пандемияны ауыздықтау үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларға қосымша республикалық қор құру туралы ұсынысына Қостанай облысындағы іргелі кәсіпорындар қолдау білдіруде. Аймақта індетке қарсы «Densaylyq Qostanai» қоры құрылып, оған елдегі ахуалға бейжай қарай алмайтын елжанды азаматтар, жеке кәсіпкерлер қаржы аудара бастаған.

Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Қостанай: Қоғамдық тәртіптің сақталуына еріктілер атсалысады

Жалпыға бірдей жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, әсіресе, мерекелік демалыс күндері үйде тыпыршып тыныш отыра алмай, сыртқа шығып, бас қосып көңіл көтеруді жөн көретін сауықшылар азаймай тұр.

Аймақтар • 23 Наурыз, 2020

Қостанай дәріханаларында медмаска жоқ болып кетті

Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бүгінге дейін аймақта коронавирус жұқтырғандар тіркелмегенін хабарлады. Қазір облыста 39 адам госпитальда жатыр. 41 адам – үй карантинінде.  Эпидемиялық аһуал тұрақты.