Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1553 материал табылды

Руханият • 28 Ақпан, 2020

Қостанайда Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын өтті

Тағдыры Тобыл топырағында тоғысқан жүзден астам ұлт өкілі қатысқан мерекелік жиын барысында көпшілік қазақ халқының кеңдігі мен  кішіпейілдігін суреттейтін театрландырған қойылымды тамашалады.  Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов облыстық Ассамблеясының ширек ғасырлық жұмыс нәтижелері мен жетістіктеріне тоқталып, өңірдегі халықтар достығының мызғымастығы турасында сөз қозғады.

Абай • 28 Ақпан, 2020

Қостанайда «Абайдың рухани мұрасы» атты шығармашылық байқау өтті

А.Байтұрсынұлы  атындағы  Қостанай  мемлекеттік университеті  мен облыстық Ассамблеяның Аналар кеңесі ұйымдастырған аймақтық байқауда ЖОО шәкірттерінің   абайтану бағытындағы білімдері  сыналды.

Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Көктем – 2020: Қостанай облысында су тасқынына қарсы оқу-жаттығу шаралары өтті

Үш күнге созылған оқу-жаттығу өңірдегі су тасқыны қаупі төніп тұрған аудандардың барлығында бірдей  бір уақытта басталды. Әр өңірдегі тасқынға тосқын боларлық жедел қимыл жаттығуларын Қостанайда орналасқан бас штаб бақылап отырды. Іс-шараға азаматтық қорғаныс жүйесінің органдары, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялары, апаттық-құтқару құрылымдары қатысты.

Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Қостанайда пара алды деген күдікпен екі полицей ұсталды

Қостанай облысында жол полициясының қызметкері мен  Қостанай қаласының Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік бөлімнің жедел кезекшісі пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Ерекше өнер акциясы

Қашанда көгінде ән қалықтап, төрінде күй шалқыған Батпаққара өңірінде «Әр үйде – бір домбыра» деп аталатын ерекше өнер акциясы басталды. Мәдени шараның шанағына сайын даланың жұмбақ тарихын тұтас сидырып, екі ішегінен ескі заманның зарынан күй төккен қазақтың киелі қара домбырасының қадір-қасиетін қараша жұрттың қаперіне салып, ел ішінде ұлттық өнерді ұлықтауды, ауыл-ауылда дәстүрлі ән-күйді кеңінен насихаттауды көздейді. Акция Қостанай облысына қарасты Аманкелді ауданының барлық елді мекенінде жүріп жатыр. Оны аудан әкімі бастап, игі жақсылар қоштап, көпшілік қолдады.

Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Қостанай: 900-ге жуық бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет алды

Бүгін Қостанай қаласының әкімдігі мен «Rauzet Сауда» серіктестігінің өкілдері  көп балалы отбасыларға арналған азық-түлік және гигиеналық пакеттерді тапсырды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет алғандардың ішінде көп балалы Бекжановтар отбасы да бар.

Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Қостанай облысында 3 ірі мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтеді

Өткен жылы Қостанай облысы бойынша 22 ауылдық мәдениет ошағы жабылып қалған. Бұған шағын ауылдардағы тұрғындар санының кемуі себеп болып отыр.

Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Сергелдеңге салған сертификат

Қостанай облысындағы шағын тігін цехтары жаппай жабылып қалуы мүмкін. Цехтар индустриялық сертификаттың жоқтығынан бұған дейін өздері қызмет көрсетіп келген мекемелерден тапсырыс ала алмай отыр. Былтыр қыркүйек айынан бастап мұндай тапсырыстар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ғана қабылдана бастаған. Содан бері талап та өзгерді.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Қостанайда «Электронды үкімет» порталын пайдалануды үйрететін сыныптар ашылды

Қостанай облысында жер телімінің кадастрлық құнын анықтау, жер телімдері жобаларын бекіту сияқты мемлекеттік қызмет түрлері электронды түрге көшуі мүмкін. Сондай-ақ  «Электронды колледж» деп аталатын жаңа жүйе қалыптаспақ. Бұл арқылы техникалық және кәсіби білім алғысы келетін үміткер жастар өзі таңдаған оқу мекемесіне құжаттарын  үйде отырып-ақ тапсыра алады.  

Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Бос жатқан жерлерге бақылау күшейді

Қостанай облысында қараусыз жатқан алқаптар мен мақсатсыз пайдаланымдағы жер телімдеріне бақылау күшейтілді. Әсіресе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен коммерциялық құрылыс нысандары түсетін жер телімдері қатаң қадағалауға алына бастады.