Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1555 материал табылды

Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Ashyq вокзалдарға орнатылуы мүмкін

Қостанай облысындағы темір жол вокзалдары Ashyq жобасына қосылуға ынталы болып отыр. Таяуда облыстық кәсіпкерлер палатасында еліміздің бас санитарлық дәрігерінің 22 мамырда жариялаған №22 қаулысы талқыланған. Осы жиынға қатысқан темір жол вокзалдарының өкілдері Ashyq туралы ашық мәселе көтерді.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2021

Қостанай облысында «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы өтті

Қостанай облысында «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2021

Қостанайда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингісі өтті

Бүгін Қостанайдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш басына ұлттық мәдени орталықтар мен қоғамдық мекемелердің, әкімдіктер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, кезінде ата-бабасы қуғын көрген қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 30 Мамыр, 2021

Қостанай облысында бір жарым жасар сәби құдыққа құлап көз жұмды

Қостанай облысында екіге толмаған сәби ескі құдыққа құлап көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдарламалар • 28 Мамыр, 2021

Цифрлы жүйемен басқарылатын сүт фермасы

Осыдан бірнеше ай бұрын Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында компьютермен басқарылатын жаңа сауын фермасы жұмыс істей бастады. Новопокров ауылындағы «Тойсай» серіктестігінде ашылған «ақылды» фермадағы 300-дің үстіндегі сиыр тәулігіне 5 тоннаға дейін сүт береді. Мұнда орнатылған цифрлы қондырғының көмегімен операторлар бір мезгілде 32 сиыр сауады. Сүт фермасы бүгінде ауылдың 30 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Тарих • 28 Мамыр, 2021

Алаштанушылар бас қосты

Қостанайда «Алаш тарихынан тағылым: Әлихан Бөкейхан және Тобыл-Торғай өңірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ZOOM платформасында өткен жиынды А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университеттің «Рухани жаңғыру» кеңсесі ұйымдастырды. Басқосуға Дихан Қамзабекұлы, Айгүл Ісмақова, Сұлтан Хан Жүсіп, Зиябек Қабылдинов сынды белгілі алаштанушы ғалымдар қатысты.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

«Қыз Жібекке» қызығушылар көп

Қостанай облысында тұңғыш рет меймандарға тек қазақтың ұлттық тағам түрлерін ғана ұсынатын этнодәмхана жұмыс істей бастады. Рудныйдағы «Қыз Жібек» этнодәмханасына бас сұға қалсаңыз, дәмхана дастарқанынан молынан асылған ет пен қуырдаққа тойып, сүзбе араластырған ыстық сорпамен ас тарқатып, бауырсақ, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат сияқты таңсық ас-сусыннан қалауыңызша дәм татып шығасыз.

Әдебиет • 26 Мамыр, 2021

«Сәрсенбектегі» жауынгер әйел бейнесі

XX ғасырдың басындағы қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақы­рыбы ерекше орын алады. Қазақ әдебиетіндегі роман жан­рының алғашқы қарлығаштары – «Бақытсыз Жамал», «Қалың мал» шығармаларының атауларының өзінен-ақ, олар­дың тақы­рыптық идеясы айқын аңғарылып тұр. Қазақ көркем пове­сінің көш басы саналған «Шұғаның белгісі» де қазан төңке­рісіне дейінгі қазақ әйелінің қоғамдағы бейшара күйін арқау еткен.

Аймақтар • 26 Мамыр, 2021

Рудныйда этнодәмхана ашылды

Қостанай облысында тұңғыш рет меймандарға тек қазақтың ұлттық тағам түрлерін ғана ұсынатын жаздық этнодәмхана жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Ерлан Тұрғымбаев Қостанайға жұмыс сапарымен барды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанайға жұмыс сапары барысында жергілікті полицияның жұмысымен танысып, құқық қорғау саласының техникалық мүмкіндіктерін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz