Қайғылы оқиға Федоров ауданының Костряков ауылында болған. Мұны облыстық полиция департаменті де растап отыр.
«24 мамырда «102» пультіне Федоров ауданының учаскелік инспекторынан жеке үйдің ауласындағы ескі құдыққа 1 жас 7 айлық сәбидің құлап кеткені туралы хабар келіп түсті. Балақайды әкесі тауып алған. Құтқарып қалуға үлгермедік. Қайғылы оқиға болар сәтте сәбидің әкесі де, анасы да үйде болған. Олар бұрын-соңды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Үлкендер үй шаруасымен айналысып жатқанда, өз бетінше ойнап жүрген сәби құдыққа құлап кеткен», деп мәлімдеді облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.