Аймақтар • Кеше
Жетісуды большевизм елесі кезіп жүр
Жетісу өңірінде Лениннің ескерткішіне әлі де табынатындар бар. Социалистік идеяның көсемдері Карл Маркс пен Лениннің мүсіні ауыл-ауылдарда қасқайып тұр. Халық қанша шағым айтса да, жергілікті әкімдік мәселенің шешімін таппай отыр.
Қоғам • Кеше
Талдықорған театры академиялық мәртебе алды
Жетісу облысының мәдени өмірінде тарихи оқиға болды. Көптен күткен Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді. Осылайша абыройлы атақ ресми түрде бекітіліп, Мемлекет басшысы биыл Мәдениет қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиында көтерген бастамасы нақты жүзеге асты.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Биыл Жетісуда ауыл әкімдерін сайлау науқаны ерекше өтті. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерді басқаратын 116 әкімнің қатарын жасақтау мақсатында 39 ауылдық округ әкімін сайлау жоспарланған. Алайда кейбір әкімдердің отставкаға кету туралы өтініш беруіне байланысты 42 округ әкімі сайланды.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Талдықорғанда болат шар өндіретін зауыт салынады
Жетісу облысы шетелдік инвестиция тарту арқылы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуді жалғастырып жатыр. Мәселен, Талдықорған қаласындағы индустриялық аймақта чилилік «ME Elecmetal» компаниясы тегістегіш болат шар шығаратын ірі зауыт салуды жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорынның іргетасы келер жылдың наурыз айында қаланып, 2028 жылы іске қосылады.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Жолдауында ауылдың ел экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылықтағы шешуші рөлін айқын көрсетті. Сондықтан оны дамыту жекелеген инфрақұрылымдық жобалармен шектелмей, кешенді түрде жүргізілуі керек. Ауыл тұрғындарын сапалы жолмен, таза ауызсумен, жарықпен, интернетпен, медицина, білім қызметтерімен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің маңызды тақырыбы.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
ЖИ камералары тәртіпке жәрдемші
Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында цифрлық технологияларды енгізу кейінгі жылдары айтарлықтай жанданды. Өңірдің полиция департаменті заманауи талаптарға сай ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Бүгінде құқық қорғау саласындағы жұмыстарды жеделдететін құралдар іске қосылып жатыр.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Жаркентке жол тартқан жүргізуші енді жолдың азабын тартпайды. Тақтайдай тас жол жылдам жеткізеді. Шаруалардың да көңілі шат. Биыл жүгерінің бағасы да жоғары. Қырман толы астық. Ал ауыл жұрты әне-міне көгілдір отынды күтіп отыр. Осының бәрі Президент тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан игі істер. Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек өңір әлеуетінің артқанын жеткізді. Жетістігі мол өңірдің инфрақұрылымы да әжептәуір жақсарған.
Заң мен Тәртіп • 22 Қараша, 2025
Жетісуда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Жылдағыдай емес, тәртіп бұзушылардың саны азайған. Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарымен тікелей жүздесу барысында бейресми жалға беріліп жүрген 62 пәтерді анықтады. Оның көбі облыс орталығы Талдықорған қаласында тіркелген.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Жетісудың Сарқан ауданында ұлттық тағамдарды қайта жаңғыртып, жаңа өнімдерге бейімдеп жүрген кәсіпкер Райгүл Закария саумалдан балмұздақ өндірді. Ұлттық дәстүр мен заманауи тәсілдің үйлесімін тапқан маманның өніміне сұраныс артып келеді. Ауыл әйелдерінің іскерлігінің жарқын үлгісін көрсеткен кәсіп иесі осылайша жаңа нарыққа жол ашты.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
Жұртшылықты қуантқан медициналық орталық
Талдықорғанда заманауи үлгідегі жаңа медициналық нысан ашылды. «Asmarmed» көпсалалы медициналық орталығы заманауи құрал-жабдықпен толықтай қамтылған әрі кешенді қызмет етуге барлық жағдай жасалған.