Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1006 материал табылды

Еңбек • 10 Қаңтар, 2024

Кәсіпкерлік жас талғамайды

Еңбектің үлкен-кішісі жоқ. Бұл қағидатты әр адамның санасына сіңіру маңызды. Тауықтың жұ­мырт­қасын сатып та табысқа же­туге болады, тек ерінбесеңіз бол­ғаны... Ал Құдай қолына өнер берсе, оның да игілігін көрген абзал. Мәселен, талдықорғандық кәсіпкер Ерлік Жақсылық мемле­кет­тік қолдауымен ағаштан ыдыс-аяқ жасайтын шағын цех құрды. Оның жасаған бұйымдары көтерме саудада үлкен сұранысқа ие.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024

Қаржы құйылатын 5 стратегиялық бағыт

Жетісу үшін инвестиция тарту мәселесі күн тәртібінде тұр. Қазір инвестор табу, оны іске қызықтыру оңай шаруа емес. Сондықтан өңір­дің бар мүмкіндігін пайдала­на отырып, қонақ­ты қаржы құюға көндірген абзал. Осы ретте облыс­та 5 стра­тегиялық бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл агроөнеркәсіптік ке­шенді, көлік және логистиканы, туризмді, баламалы энергетика мен өнеркәсіпті дамытуға жол ашпақ.

Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024

Көптен күткен қоныстой

Жуырда Алакөл ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа жылда қуанышқа кенелген ағайынның ортасында біз де болдық.

Аймақтар • 08 Қаңтар, 2024

Отандық өнімге – айрықша назар

Кейінгі жылдары елімізде лак-бояу материалдары нарығы айтарлықтай өсті. Республикада импорт өнім азайып келеді, ал елде жұ­мыс істеп тұрған компаниялар мен концерндер өз дистрибьюторлық желілерін дамытып отыр. Осы ретте Мә­жіліс депутаты Руслан Қожасбаев Жетісуға келіп, «Алматинские краски» ЖШС компаниясының жұ­мысымен танысты.

Медицина • 04 Қаңтар, 2024

Жедел жәрдем көліктен тарықпайды

Өткен жылы Жетісудың шалғай ауыл­дарын медициналық көмекпен қам­тамасыз ету үшін 27 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылды. 2025 жылға дейін осындай 35 нысан тұрғызылады. Қазір өңір тұрғындары бұрынғыдай қалаға көп сабылмайды. Іргедегі емханаға жүгініп, арнайы көлікпен орталыққа қатынайды. Осы ретте жаңа жыл қарсаңында облыстық медициналық ұйымдарының автопаркі 29 жаңа жедел жәрдем көлігімен толықты.

Кәсіпкер • 28 Желтоқсан, 2023

Кәсіпкер әйелдер кеңесі

Кәсіп жынысқа бөлінбейді, қазір ерімен қатар әйелдің де жеке шаруамен айналысуға мүмкіндігі мол. Оның үстіне бұл тарапта мемлекеттен берілетін көмек те орасан. Мәселен, Жетісуда шағын және орта кәсіпорындардың жартысына жуығын әйелдер басқарады. Үй шаруасынан бөлек, қоғамға пайдасы зор кәсіпті тізгіндеген қыз-келіншектер облыстың әлеуметтік деңгейін көтеруде маңызды рөлге ие. Қазір өңірде екі жүзге жуық кәсіпкер қыз-келіншек бар.

Өнер • 26 Желтоқсан, 2023

Классикалық музыка кеші

Кейде әуенмен-ақ жүректің кілтін табуға болады. Сөзсіз, эмоциясыз, тіпті мимикасыз-ақ нотаға түскен саз көңіл көгершінін еркін самға­та­ды. Әртүрлі аспаптың толқынынан туған тамаша туындылар – көрер­мен­нің жан азығы. Осы аяулы әсерді Талдықорғанда өткен классика­лық музыка кешінен алдық. Адамның жан әлеміне еркін бойлаған көр­кем шығармалар шынайы өнердің құдіретін сезіндірді.

Кітапхана • 26 Желтоқсан, 2023

Кітапхана түні

Кітапқұмарлық – үлкен қасиет. Оны оқырманға сыйлайтын жалғыз рухани шаңырақ – кі­тапхана. Осы ретте об­лыстық С.Сей­фуллин атын­дағы ор­талық кітап­хананың ұйым­дас­тыруымен «Кар­на­валды кітапхана түні – 2023» әлеуметтік мәдени іс-шарасы өтті.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023

Тынысы ашылған Талдықорған

Қазір талдықорғандықтар Жетісудың орталығын шағын шаһар санамайды. Зәулім үйлер мен әсем ғимараттар жыл санап артып, жаңа шағын аудандар түрленіп келеді. Жылдар бойы қордаланып қалған тұрғын үй мәселесі де шешімін тауып жатыр. Маңайындағы ауылдар мен саяжайлар көгілдір отынға қол жеткізіп, ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қала басшысы Ернат Бәзіл халық ішінде жүр, әрбір тұрғын мәселесін әкімге ашық айта алады.

Айбын • 20 Желтоқсан, 2023

Бесжылдық белестер

Осыдан бес жыл бұрын құрылған «Жас сарбаз» қозғалысы балалар бойында мектептен бастап ұлттық рух ұялатады. Еліміздің барлық өңірінде жасақталған ұйым оқушыларға денешынықтырумен еркін айналысуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, жастайынан әскери мамандықтарды игеруіне жол ашады. Бұл ұйым Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, патриот­тар тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысып келеді. Бүгінде географиясы кеңейіп, құрамы 280 мың тәрбиеленушіге жеткен.