Аймақтар • 11 Қараша, 2025
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы саласында тың бастама жүзеге асып жатыр. Бұған дейін аймақта қант қызылшасы, жүгері, тағы басқа бақша өнімдерімен танылған шаруалар енді алғаш рет жержаңғақ өсіруді қолға алды. Бұл бастама Ақсу ауданының егіншілері арасында жаңа серпін беріп, өңірдің агросекторы үшін тың мүмкіндік ашып отыр.
Шаруашылық • 07 Қараша, 2025
Аймақтың агроиндустриялық тірегі
Көксу ауданы – Жетісу облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы маңызды аймақтардың бірі. Кейінгі жылдары мұнда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаты артып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу деңгейі айтарлықтай өсті. Алдағы уақытта қуаттылығы жылына 15 мың тонна құс етін өндіретін тағы бір зауыт ашылады.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Жетісу спортшыларының жетістігі
Жетісу облысында халықтың денсаулығын нығайту мен бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Кейінгі үш жылда 32 жаңа спорт нысаны бой көтеріп, 3 орталыққа күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл 1 мың адамға шаққанда спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейін 66,8%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Аймақтар • 05 Қараша, 2025
Жетісу облысының Көксу ауданында маңызды әлеуметтік жоба іске асырылып, жұмыс істеуге келген дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл игі іс облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен, кадр тапшылығын шешу мақсатында жүзеге асты.
Аймақтар • 01 Қараша, 2025
Бейбітшілік пен бірліктің берік тірегі
Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Мыңжылдық тарихы бар кең-байтақ жеріміз көптің ортақ шаңырағына айналды. Олардың тілі, мәдениеті, дәстүрі мен өнері арқылы ұлттың рухани байлығы еселеніп келеді. Бұл бірлік – еліміздің басты байлығы әрі мақтан тұтар құндылығының бірі.
Еңбек • 30 Қазан, 2025
Жер мен елдің қасиетін еңбекпен таныған жандар аз емес. Кешегі кеңшар дәуірінен бүгінгі нарық заманына дейін үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тұлғалар қаншама? Солардың бірі, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, қазыналы қария – Сапарғали Алтынбайұлы. Ол үшін еңбек – абыройдың бастауы, өмірдің мәні.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Талдықорған – Үшарал магистралды газ құбыры іске қосылды
Жетісу халқы көптен күткен Талдықорған – Үшарал магистралды газ құбырының құрылысы белгіленген мерзімінен ерте аяқталды. Үшарал автоматты газ тарату стансасында өңірдегі алты бірдей жаңа газ бекетінің алауы тұтанды. Осылайша, бір мезетте алыстағы елді мекендерге көгілдір отынның алғашқы легі келіп жетті. Жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «QazaqGaz» ұлттық компаниясы жүзеге асырды.
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Жетісуда заманауи зауыт салынады
Кербұлақ ауданында алдағы жылдары жаңа өндіріс ошақтары бой көтеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашпақ. Инвесторлар Сарыбұлақ ауылында сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіретін зауыт пен қуаты 110 МВт/сағ болатын күн электр стансасын салуды жоспарлап отыр.
Шаруашылық • 22 Қазан, 2025
Жетісулық шаруалар тәтті түбірден басқа дақылдарға орақ салды. Биыл 130 мың тонна картоп жиналуға тиіс. Осы күнге дейін қамбаға 240,6 мың гектардан дәнді дақыл түскен. Оның ішінде бидай мен арпа толық аяқталды. Астық жинауға 10,7 мың трактор мен 1 009 комбайн жұмылдырылған.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Олимпиада чемпиондарымен кездесті
Жетісу облысында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт ардагерлері жастармен кездесті. Жылы шырайлы жүздесу «Бұқаралық спорт – болашақ жеңістердің бастауы» спорттық іс-шарасының аясында өткізілді.