Мирас АСАН
Мирас АСАН«Egemen Qazaqstan»
128 материал табылды

Руханият • 14 Сәуір, 2020

Рух салтанаты

Қазақтың қайта өрлеуіне баланып жүр­ген Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы ұлт болашағының ұстынын айқын­дап бергендей болды. Аз ғана уақытта ауқым­ды жұмыстар атқарылды. Жақсы істер жалғасуда.

Әдебиет • 13 Сәуір, 2020

Бауыржан Ширмедин. Доп (поэма)

Бүгін оқырман назарына жас ақын Бауыржан Ширмединнің "Доп" атты сиясы кеппеген жаңа поэмасын белгілі ақын Светқали Нұржанның алғысөзімен ұсынып отырмыз. Аталған шығарма дауасыз нәубет – тәжтажалдың тырнағына іліккен адамзаттың ауыр халін суреттейді. Оқиға қатерлі індеттің ошағы саналатын Ухан қаласында өрбиді. 

Қоғам • 08 Сәуір, 2020

Тұтқадағы тазалық

Рас-өтірігін бір Құдайдың өзі біледі, ғалымдардың зерттеуінше адам күніне қолын бетіне бірнеше мың рет апарады екен. Әрине адамзатты алаңдатып отырған ауыр ахуал кезінде мұндай ақпараттардың түр-түрін сіз де оқып-біліп отырған боларсыз. Біздің айтпағымыз, сол мұрныңыз бен көзіңізге қайта-қайта қатынасып жатқан қолдың тазалығы жайлы болғалы отыр.

Әдебиет • 06 Сәуір, 2020

Толқын ҚАБЫЛША. Қандай ғажап, сенің барың әлемде

Бүгін сіздердің назарларыңызға  сыршыл ақын  Толқын Қабылшаның бір топ махаббат жырларын ұсынып отырмыз.  Толқын  ҚАБЫЛША, халықаралық «Шабыт» Шығармашылық жастар фестивалінің  лауреаты, «Жаныммен  жалғыз  кешкем  мұң», «Жаңбырдағы  сағыныш», «Осы  бір  сәт  ұнайды» жыр  кітаптарының авторы.

Қоғам • 02 Сәуір, 2020

Гүл нарығы да найқалып жатыр...

Жыл сайын 12 млрд дана гүл сататын елдің гүл-гүл жайнап тұрған өмірін өте ауыр көңілсіздік жайлағаны сезіліп-ақ тұр.

Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Сенімімізді нығайтқан нақты қадам болды

Біздің билікке беретін көмегіміз, «Біз біргеміз!» деген ұранды ауызбен емес, шын пейілмен айту және соны ұқыпты атқару.

Руханият • 31 Наурыз, 2020

Кітапхана – көркем ойымыздың кепілі

Әлемдік өркениетте кітапхананың алатын орнын ешкім де жоққа шығара алмайды. Осы орайда еліміздің еңселі қара шаңырағының бірі Ұлттық академиялық кітапхананың бүгіні мен болашағы турасында айта кеткіміз келеді.

Қоғам • 31 Наурыз, 2020

Карантиндегі карикатуралар

Коронавирусты қылқаламдарымен отандық суретшілер де түйреп жатыр. Жығылатын жау көрінбейді, әттең...

Руханият • 30 Наурыз, 2020

Ақын Аманхан Әлімұлы дүниеден өтті

Белгілі ақын, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Аманхан Әлімұлы 68 жасында дүниеден өтті.

Әдебиет • 28 Наурыз, 2020

Қайталанатын уақытта, қайталанбайтын сәттер-ай  

Бүгін сіздердің назарларыңызға жас ақын Мұқағали Сейтқазының бір топ өлеңдерін ұсынып отырмыз. Қасқадан төбел туған жас қалам иесі кешегі айтыс аламанында "Дәридай" деген атпен жұртты жалт қаратқан атақты айтыскер Мұқаш Сейтқазиннің баласы екенін айта кеткеніміз жөн. Жас ақынның Жезқазған өңірінен жолдаған жүрек хаттарын бірге оқиық, ендеше. Мұқағали СЕЙТҚАЗЫ Мұханбетқалиұлы – 1994 жылы Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы, Шеңбер ауылында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Қарағанды қаласы әкімінің «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты; (2011 жыл). Облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. «Ұшқан ұям – Ұлытау» (2015 жыл), «Қара кітап» (2019 жыл) кітаптарының авторы.