Мирас АСАН
Мирас АСАН«Egemen Qazaqstan»
128 материал табылды

Өнер • 14 Наурыз, 2022

Суретші

Ғасырдың таңдаулы әңгімелерінің бірі – «Иуданың кескіні» әңгімесі. Шығарманың қысқаша мазмұнын Ш.Қазездің аудармасы бойынша баяндап өтсек, атақты қылқалам шебері Сицилиядағы үлкен шіркеудің тұтас қабырғасына Ғайса пайғамбардың ғұмырнамасын салуға тапсырыс алады. Суретші жігітке басында жұмыс жеңіл жүргендей көрінеді. Ендігі сәтте Ғайса мен опасыз Иуданың бейнесін кескіндеу ғана қалған-тын.

Руханият • 09 Наурыз, 2022

Желтоқсан желі

Қала тіршілігінің қым-қуыт сүргінінде адамдары ығы-жығы алып шаһардың қай жүргіншісіне назар аударғандайсың. Сапырылысқан қалың нөпірдің арасымен жылға-жылғаны қуалап жұмысқа келесің. Кешқұрым сол соқпақты солқылдатып үйге қайтасың.

Өнер • 06 Наурыз, 2022

Эх, Афоня!

Кеңес өкіметінің керітартпа саясаты кімді тәлкектемеді дейсің. Миллиондаған жазықсыз адамдардың тау-тау боп үйілген бассүйектерінің үстіне тұрғызылған социализм идеясы кімді рухани мүгедек етпеді. Біз, жалпы, Кеңес өкіметінің келмеске кеткен елесімен күресіп не ұтамыз деген ойдан алшақ болуымыз керек. Жалпы, тамырланған жүйені бір күнде түбірімен қопарып тастау мүмкін емес. Біз сияқты көп теперіш көрген ұлттар оның салдарымен әлі де күресе береді.  

Қазақстан • 02 Наурыз, 2022

Жаңа Қазақстан жалаң ұран болмауға тиіс

«Қасіретті қаңтар» ауыр да азапты, қайғылы да қаралы болуымен қатар ол ұшқыр уақыттың таза парағы ретінде бізді мүлде тың көзқарастарға жетелей жеткен жаңа дәуірдің басы еді. Самарқау жұрттың санасына сілкініс әкелген бұл оқиға біздің жаңа қадамдарымыз ретінде тарих таспасына анық таңбаланды. Ол өзінің қар үстіне тамған қанды жасымен бірге біздің көкірегімізде «Жаңа Қазақстан» деген жасампаз идеяны тудырып кетті.

Әдебиет • 23 Ақпан, 2022

Біздің үй соның іргесінде еді...

Түнеу күні жазушы Жүсіпбек Қор­ғас­бек өзінің «Abai TV» арнасын­дағы «Үркер» деген авторлық бағдар­лама­сына қонаққа ақын Жүрсін Ерманды шақырды. Тағылымды хабар тамаша өрбіді. Ғибратты көп әңгімелер айтылды. Өлең оқылды. Әдебиеттің жай-күйі талқыланды.  

Таным • 21 Ақпан, 2022

Тагиевтің жүз жылдық тапсырысы

Мына бір асқақ болмыс, паң бітім, сырт келбеті сұсты болғанмен ішкі рухынан мейірім нұры төгіліп тұрған текті тұлғаның суретіне көзі түсіп кеткен кез келген адам оның өмірде жай адам болмағандығын бірден мөлшерлейтіні анық.

Таным • 09 Ақпан, 2022

Аш күзеннің ажалы

Адам абайламаса өз құлқынының құдығына құлап өлуі аса қиын шаруа емес. Жалпы, пенде баласы қай кезде де ең бірінші өзіне жау ғой. Байқамаса аса білімнің өзі адамға хас дұшпан. Араныңның өзі өзіңе апан. 

Өнер • 09 Ақпан, 2022

Түркінің қызы Тамила

Оймақтай ғана мақала тақы­рыбын осыншама образдайтындай не көрінді деуіңіз мүм­кін. Түгел түркіге ортақ бола­тындай бұл қай қаһарман деп те таңырқайтындар табыла жа­тар. Бірақ өзінің шығар­ма­шылығындағы тұтас галереяны түркі халықтарына ортақ аңыз тұлғалармен толықтырып келе жатқан мүсінші қырғыз қызы бұл атқа әбден лайық.

Руханият • 06 Ақпан, 2022

Меруерт пе екен?..

Тоқсаныншы жылдардың тоқырауы тек қоғам келбетін ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен қатар адам жанына да иір де қиыр, шұбалаң да бұралаң соқпақ­ты жолдар салып кеткенін жасыра алмас едік. Оған және жарқын мысалды алыстан ат арытып іздеп керек емес. Тәуелсіздіктің тура отыз жылында ат жалын тартып мінген жас буын бар, ескі мен жаңаның тізгінін тең ұстаған топ болса болмаса, бәрі де сонау елең-алаң шақты есіней отырып есіне әлбетте бір алады. Себебі қоғамдық формациялардағы өзгерістер экономикалық әл-ауқаттан бөлек, рухани құндылықтарға да өз әсерін тигізбей қоймады.

Туризм • 27 Қаңтар, 2022

Луврды тамашалаушылар легі аз

Жаһанды жаналқымынан алып тұрған планеталық пандемия әлі де қайтар емес. Дауасыз дерттің салқыны өнер саласында әбден тығырыққа тіреп бітті... Емін-еркін, қанатын кеңге жайған шабыт құсы темір тордың ар жағындағы шашасыз тұтқындай шалдыға күй кешіп жатқандай...