Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
Атырау әкімдігіндегі фронт-кеңсеге 600-ден астам азамат өтінішпен келген
Биылғы 1 наурыздан бері облыс әкімдігі жанынан фронт-кеңсе жұмысын бастады. Облыс әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Жандос Бөлекбаевтың айтуынша, аталған фронт-кеңсеге 600-ден астам азамат түрлі өтінішпен келіпті. Ал, жергілікті атқарушы органдарға алты айда жеке және заңды тұлғалардан 18 211 өтініш түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
Атырауда 150 мың теңге бопсалаған тұрғын ұсталды
Біреуді қорқытып, ақша талап еткен 30 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2020
Атырауда селфи үшін лотос гүлін жұлып алған тұрғын жазаланады
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Білім • 27 Тамыз, 2020
Атырау облысы әкімінің гранты тағы 11 түлекке берілді
Бұған дейін әкім грантына 78 түлек ие болған еді. Енді бүгін әкім гранты тағы 11 түлекке берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2020
Атырауда анасының келісімімен 13 жасар қыз тұрмысқа шыққан
Қазір «Он үште отау иесі» дейтін заман емес. Десек те, Атырау қаласында тұратын 13 жасар қыз Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылының 2002 жылғы тұрғынына тұрмысқа шығыпты.
Тағайындау • 27 Тамыз, 2020
Атырауда департаментке жаңа басшы келді
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Асылбек Хамзеұлы Шаров Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2020
Атырауда қызметкерлерінен ақша бопсалаған полиция ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері патрульдік-полиция ротасының командирін ақша бопсалады деген күдікпен ұстады.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Атырауда оқушылар мен жастар сарайын Абай есімімен атау ұйғарылды
Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың мәліметінше, ұлы ойшыл Абайдың есімімен Атырауда 5 мектеп пен 28 көше аталады. Енді жаңадан бой көтерген оқушылар мен жастар сарайына беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 26 Тамыз, 2020
Дана Абайдың ғибратты қара сөзін жатқа айтатындар көп. Соның бірі – Асылым Ізғали. Атырау қаласындағы №40 орта мектептің 5-сыныбына баратын ол сабақтан тыс уақытта қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқығанды ұнатады. Жақында ақынның қара сөздерінен үзінді оқып, сыныптастарына челлендж ретінде жолдады.
Экономика • 26 Тамыз, 2020
Қазақстанның жері табиғи байлыққа, соның ішінде мұнай мен газ қорына бай. Бұл мұнай мен газ химия өнеркәсібін өркендетудің шикізаттық көзі екені даусыз. Демек, еліміздегі дамуы кенжелеп қалған химия өнеркәсібін өркендетуге шикізаттық негіз бар деуге болады. Осы орайда Атырауда ерекше жобаға баланған біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрылысы қолға алынды. Бұл кешен екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – полипропилен өндірісін құру. Екіншісі – полиэтилен өндірісі.