Оқиға • 25 Қараша, 2020

Өңірлік форумда бас қосты

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Абай орталығында «Қоғам және мемлекет: ынтымақтастық пен дамудың 30 жылы» атты өңірлік азаматтық форумда бас қосты.

Өңірлік форумда бас қосты

Форумда экология, ішкі туризм, азаматтардың құқықтары мен қазақ мәдениетінің құндылықтары кеңі­нен қамтылды. Аталған мәселелерге байланысты 50 үкіметтік емес ұйым өкілдеріне «Таң», «Ақпарат», «Адам­гершілік» қоғамдық қорлары және «Елсана» руханият клубының жетекшілері Шынар Ізтілеуова, Гүлжан Елешова, Салтанат Рахимова мен Нұржан Ермұханов сараптамалық диалог алаңын өткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Бақыт­­гүл Хаменованың айтуынша, ҮЕҰ өкілдері Үкімет пен қоғамды байланыстыратын алтын көпір болуы керек.

– Мемлекет басшысының Қазақ­стан халқына Жолдауында билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалогты орнату үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән берілді. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың басшылары үкіметтік емес ұйым­дар өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізілуде. Бұл форумға қоғам­дық ұйымдардың үздік әлеуметтік маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау көрсету мақсатын­да шетелдік және отандық кәсіпорын­дар қатысып отыр, – деді Бақытгүл Хаменова.

Үкіметтік емес ұйымдар арасында қоғамға пайдалы іс атқарып жүргені бар. Мәселен, «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі ерекше балаларға арналған инклюзивті қол­дау сыныбын ашып, олардың білім алуына жол ашып отыр. Ал «Мөл­дір көз» қоғамдық бірлестігі зағип жан­дарды бір орталыққа жинап, «Жар­тылай фабрикатталған өнімдер» цехын ашты. Қазір цехта 20 адам жұ­мыспен қамтылды. «Мен бармын!» қоғамдық қоры Даун синдромы бар балаларға би үйретеді. «Айналайын баладан» қоғамдық қоры Мақат кентінде 20 баланы кәсіптің қыр-сырына үйрету үшін тегін дәріс өткізуде.

Облыс әкімінің орынбасары Бақыт­гүл Хаменова алты ҮЕҰ өкіліне «Халық алғысы» медалін табыстады. Сондай-ақ он төрт ҮЕҰ өкілі облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді.

 

Атырау облысы