Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
860 материал табылды

Қоғам • 16 Қараша, 2023

Халқымыздың санын 20 миллионға жеткізген бес сәби қай өңірде дүниеге келді?

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 14 қараша күні таңғы сағат 8.10-да өмірге келген бес сәби Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 15 Қараша, 2023

«Боксшылар демігіп қалады». Министр кешенді жоспар түзуді тапсырды

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарынан кейін федерация басшылығы мен бас бапкерлердің есебін тыңдауды жалғастырып жатыр. Бүгін бокс пен дзюдо федерацияларының өкілдері мен  ұлттық құраманың бас бапкерлері жазғы Азия ойындарындағы көңіл көншітпейтін көрсеткішке қатысты өз  уәжін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz осы саланың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Спорт • 15 Қараша, 2023

Қыздардың қарқыны жоғары

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдо күресінен  ерлер һәм әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде  Гран-при турнирінің чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленген Әбиба Әбужақынова (48 кг)  күрескен жоқ.  

Қоғам • 15 Қараша, 2023

Президенттің тапсырмасы дер кезінде орындалмайды – депутат

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Самат Мұсабаев Премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдап, Мемлекет басшысының тапсырмалары уақтылы әрі бұлжытпай орындалуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спорт • 15 Қараша, 2023

Олимпиадалық салмақ: Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов қашан жекпе-жекке түседі?

Астанада бокстан Қазақстанның жазғы Спартакиадасы өтіп жатыр. 19 қарашаға дейін жалғасатын сайыста әлем чемпиондары да рингке шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 15 Қараша, 2023

Дзюдо: Қай облыстың көрсеткіші төмен?

Елордадағы  Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек  сарайында Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегері анықталды. Еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан келген 450-ден астам  балуан бағын сынады. Келесі жылы ғаламдық додаларда белдесуге түсетін ұлттық құрама мүшелері осы біріншіліктің нәтижесіне қарай толыға түседі. 

Қоғам • 14 Қараша, 2023

Су мәселесінде Қырғызстанмен келісім жасалды

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысының суармалы жеріне су беру туралы келісімге келді. Бішкекте өткен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келіссөз жүргізді.  Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқару туралы шешім қабылданды,  деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Спорт • 14 Қараша, 2023

Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словенияға қарсы ойындарының тікелей көрсетілімі

Футболдан келер жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы екі тур ойынын  «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен  «Qazsport»  телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 14 Қараша, 2023

133 мың адам дзюдомен шұғылданатын елде Олимпиада чемпионы шыққан жоқ

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдо күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық құраманың сапына алынатын жастар үшін мықтылығын дәлелдейтін дода бұл. Себебі бапкерлер келесі жылы маңызды додаларға кімдерді қосатынын осы  ішкі біріншіліктің нәтижесіне қарай нақтылайды.

Сенат • 14 Қараша, 2023

Сенат ақпараттық қауіпсіздікті талқылады

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.