Спорт • 27 Желтоқсан, 2023

«Әр боксшының кемшілігін білеміз». Бас бапкер Азия ойындарындағы сәтсіздіктің себебін айтты

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері  Мырзағали Айтжанов  Qazaq ring  ютуб арнасына берген сұхбатында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарындағы сәтсіздіктің себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әр боксшының кемшілігін білеміз». Бас бапкер Азия ойындарындағы сәтсіздіктің себебін айтты

«Биылғы көктемде Ташкентте өткен әлем чемпионатында 4 алтын 1 күміс медаль олжаладық.  Күзде Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында көздеген межеден көріне алмадық. Жеңілістің сан түрлі себебі бар. Әр боксшының кемшілігін, қателігін жете білеміз. Өздеріне бұл жайында айтылды да.  Олимпиадалық циклға төрт жыл дайындық жүргізіледі. Біз бір жарым жылдай уақыттың ішінде команданы нығайтып,  күшейтуге күш салдық.  Ендігі мақсатымыз айқын:  келесі жылы екі бірдей лицензиялық турнир бар. Сол додада жолдама олжалап, Париж Олимпиадасына тыңғылықты дайындалу. Бәрі де тек еңбекпен ғана келеді. Франция төрінде өтетін төртжылдық додасында Әнұранымызды шырқатуға барымызды саламыз», деді М.Айтжанов.