Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1004 материал табылды

Сенат • 10 Қараша, 2023

Бір заңды бірнеше рет өзгерту мемлекеттік шешімдердің сапасын көрсетеді – М.Әшімбаев

Үкімет сағатында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынастың жаңа парадигмасы қажет екенін айтып,  мемлекет қабылдаған шешімдердің, құжаттар мен бағдарламалардың сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 10 Қараша, 2023

Мектепте оқып жүргенде ауданның бас имамы болып тағайындалдым – Нұрлан имам

Нұрлан имам Байжігітұлымен сұхбатымыз қоғамның беталысы төңірегінде өрбіді. Әлеуметтік желіде «тик-ток имам» атанып, халықтың  ықыласына бөленген дінтанушы,  психологтан қазіргі бағдарымызға қатысты сұрадық.  

Қоғам • 10 Қараша, 2023

Жемқорлық әрекеті үшін 10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев неге босатылған еді?

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару  академиясын, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың Дж.Вашингтон атындағы университетінде оқып, магистр дәрежесін алған.

Президент • 09 Қараша, 2023

Қазақстан мен Ресей астық экспорттаудан әлемде алдыңғы лекте

Қазақстан мен Ресей астық экспорттау жөнінен әлемде алдыңғы лектегі мемлекеттердің қатарында. Бүгін Қостанай қаласында өткен XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путин астық экспорты, азық-түлік қауіпсіздігі, агронеркәсіп кешенін дамыту жайын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Спорт • 09 Қараша, 2023

Азия чемпионаты: жапондар бізден жоғары тұр

Алматыда өткен  WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионатында еліміздің спортшылары 8 алтын, 5 күміс, 11 қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 08 Қараша, 2023

Польшаның Нобель сыйлығын алған тұңғыш жазушысының ұлты – татар

Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған Селим Хазбиевичтің зерттеу еңбектері жинағының   тұсаукесері өтті.

Қоғам • 08 Қараша, 2023

«Өнегелі іс». Мектеп тазалықшысына құрмет көрсеткен ұстазға жұрт риза (видео)

Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп гимназиясының 1 «Г» сынып жетекшісі Асылхан Абылова оқушыларымен бірлесіп мектеп қызметкерін қуантты. Осы мектепте тазалыққа жауапты қызметкердің 60 жасқа толған туған күнінде күтпеген тосын сый жасады. Әлеуметтік желіде кең таралып, қоғамның құрметіне кенелген шынайы құттықтаудың анық-қанығын ізгі амал ұйымдастырушысының өзінен сұрадық.  

Президент • 08 Қараша, 2023

АЭС-тің тағдырын халықтың талқысы шешеді

Ресейдің  «Известия» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт мақсатта қолданылатын атом саласындағы ықпалдастық – энергетикалық ынтымақтастығымыздың негізгі бағытының бірі екенін айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 08 Қараша, 2023

Мүдделер тоғысы мұнай-газ тасымалында тереңдеп келеді

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатында екі елдің ынтымақтастыққа негізделген саяси, экономикалық байланысы тереңдей қамтылды. Газет тілшісі Президенттен   мұнай-газ саласындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асуын да сұрады. Өзбекстан Ресейдің газын Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау жобасы іске қосылды. Екі елдің арасына дәнекерлік орнатудың маңыздылығын  Қ.Тоқаев тарқата айтты.

Қоғам • 07 Қараша, 2023

Түркі ақпарат агенттіктерінің альянсы құрылды

Түркі ақпарат агенттіктерінің альянсы (Alliance of Turkic News Agencies-ATNA) құрылды. Оның құрамына QAZCONTENT АҚ (Қазақстан), Anadolu Ajansı (Түркия), AZERTAC (Әзербайжан), KABAR (Қырғызстан), UZA (Өзбекстан) Халықаралық ақпарат агенттіктері кірді. Ыстанбұлдағы тиісті декларацияға осы медиа компаниялардың басшылары қол қойды.