Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1004 материал табылды

Қоғам • 14 Қараша, 2023

Су мәселесінде Қырғызстанмен келісім жасалды

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысының суармалы жеріне су беру туралы келісімге келді. Бішкекте өткен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келіссөз жүргізді.  Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқару туралы шешім қабылданды,  деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Спорт • 14 Қараша, 2023

Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словенияға қарсы ойындарының тікелей көрсетілімі

Футболдан келер жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы екі тур ойынын  «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен  «Qazsport»  телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 14 Қараша, 2023

133 мың адам дзюдомен шұғылданатын елде Олимпиада чемпионы шыққан жоқ

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдо күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық құраманың сапына алынатын жастар үшін мықтылығын дәлелдейтін дода бұл. Себебі бапкерлер келесі жылы маңызды додаларға кімдерді қосатынын осы  ішкі біріншіліктің нәтижесіне қарай нақтылайды.

Президент • 14 Қараша, 2023

Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен «Оңтүстік» және  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 14 Қараша, 2023

Сенат ақпараттық қауіпсіздікті талқылады

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 14 Қараша, 2023

Кәсіпкерлердің көлігін тартып алған бопсалаушы топ ұсталды

Шымкент қаласында кәсіпкерлерді бопсалау тәсілімен қорқытып көліктерін тартып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Спорт • 14 Қараша, 2023

Қатарда капитан мен сұрмерген жоқ

Магомед Адиев баптайтын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы ақырғы екі матч ойындарына қатысады. 17 қараша күні  «Астана Арена» стадионында Сан-Марино футболшыларына, 20 қараша күні сырт алаңда Словения ұлттық құрамасына қарсы тартысқа түседі.

Спорт • 13 Қараша, 2023

«Қыз қууда талай жігітті қамшымен сабадым». Шабандоз қыз асау түйені қалай үйреткенін айтты

Аружан Амангелдіқызы шабандоз, атбегі, көкпаршы.  Қыз қууға қатысып, жамбы атумен танылған бойжеткеннің  түйеге мініп жамбы атуды меңгергені көпшілікті  сүйсінтті. Жоғары оқу орнының 2-курс студенті бос уақытын  қыдыруға емес, атқа мініп, ұлттық  ойынымызды ұлықтауға арнағанды жөн көреді.

Спорт • 13 Қараша, 2023

Арайлым Әбенова – самбодан тұңғыш әлем чемпионы

Арменияның Ереван қаласында самбо күресінен өткен дүние чемпионатында жерлесіміз Арайлым Әбенова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 13 Қараша, 2023

«Алтын домбыра» жеңімпазына автокөлік берілді

Елордада екі күнге ұласқан айтыс өтті.  Amanat  партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра»  бәйгесінде  еліміздің әр өңірінен 16 ақын сөз жарыстырды, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.