
Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
Қостанайлық бір отбасы мүшелері түгел коронавирус жұқтырған
Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 29 адам тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам ПТР әдісімен анықталған. Олар бір отбасының мүшелері. Бұл азаматтар Жітіқара қаласында әр түрлі мекенжайда тұрады. Олар бұған дейін вирусты жұқтырған пациентпен жақын байланыста болған. Індетті жұқтырғандар — 1962 жылғы ер адам, 1942, 1966, 1977, 1970 жылғы әйел адамдар, 1999, 2002 жылғы қыздар және 2005 жылғы оқушы қыз.
Коронавирус • 30 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында Covid-19 жұқтырған 5 адам тіркелді
Провизорлық стационарға жедел респираторлы вирустық инфекция белгілерімен ауруханаға түскен 1983, 2008 және 2011 жылдары туған облыс орталығының тұрғындарына коронавирус диагнозы қойылды. Бұл отбасының бір мүшесі осыған дейін коронавирусты жұқтырған, аталған азаматтар онымен жақын қарым-қатынаста болған.
Коронавирус • 30 Мамыр, 2020
Covid-19: Алматы облысында 23 науқас тіркелді
Вирусты жұқтырғандардың 10-ы Талдықорған қаласында, 8-і Қапшағай қаласында, 1-еуі Қарасай ауданында, 1-еуі Панфилов ауданында, 1-еуі Алакөл ауданында және Текелі қаласында 2 адам тіркелген.
Коронавирус • 30 Мамыр, 2020
Шымкентте коронавирус жұқтырған 51 адам тіркелді
Шымкент қаласының 51 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды. Олардың 29-ы вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған. 3 адам ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. 8 адам стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілгендер.
Коронавирус • 30 Мамыр, 2020
Алматыда тағы 37 адам Covid-19 жұқтырған
ПТР жүргізілген диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 37 адамнан анықталды: олардың 11-і – профилактикалық тексеруден өту кезінде, 15-і – вирусты жұқтырған адамдармен байланыс жасағандар арасында анықталды, 4-і – ауруханаға жатқызған кезінде дәлелденді, 7-і – жұмыс барысында тіркелген.
Коронавирус • 30 Мамыр, 2020
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған тағы 41 адам тіркелді
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 41 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
Коронавирус • 30 Мамыр, 2020
Өткен тәулікте коронавирус өсімі 4,5%-ға артқан
Қазақстанда өткен тәулікте 450 адамнан коронавирус індеті анықталды. Алдыңғы күнмен салыстырғанда өсім 4,5% құраған.
Коронавирус • 30 Мамыр, 2020
COVID-19: 6 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды
Covid-19 бар тағы 6 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылған.
Коронавирус • 27 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтанда тағы 22 адам коронавирустан емделіп шықты
Елімізде барлығы 4 768 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Коронавирус • 27 Мамыр, 2020
COVID-19 жұқтырған 7 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды
Елімізде COVID-19 жұқтырып, емделіп жатқан 7 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды.