Таным • 25 Маусым, 2024
Ғалам ғажаптары: Жетпіс екідегі жиһанкез
«Ұлытауға бардың ба?» дейді Сәрсенбай қария. Тек айтып қана қоймайды, туған жерінің тұмса табиғатын айтып таң қалдырады. Әңгімесін осы сұрақтан бастайтын ақсақал алты ай ішінде 8 мың шақырым жол жүріп, еліміздің 20-дан астам қаласын аралаған.
Digital • 21 Маусым, 2024
Роботтехника – алғырлар бәсекесі
Жыл сайын жаңа робот, жаңа жүйе пайда болып, барлық салаға дендеп еніп келеді. Жасанды интеллект пен құлтемірлер адам ресурстарын алмастырып жатыр. Роботтехника – бірнеше ғылымның түйіскен тұсы. Мұнда физика, математика, информатика және тіпті биология саласындағы білім қолданылады. Сәт сайын шығып жатқан жаңалықтарға үңілсек, роботтехниканы барлық салада қолдануға болатынын дамыған елдер ерте түсінді. Бұл керуенге біз де ілесе бастадық. Ендеше, еліміздің роботтехника көшіндегі хал-ахуалын бағамдап көрейік.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Комикс – суретпен сипатталатын оқиға, ой. Мұның түр-түсі көп. Осы бір ерекше тәсіл Жапониядағы суицидті азайтты деген дерек бар. Жастар аузынан тастамай айтып жүретін кейіпкерлерді де әлемге танытқан – осы. Демек бұл – оқушылар санасына бір ойды сіңірудің таптырмас құралы. Біздің жасампаз жастар мұны әлдеқашан ұққан. Тек ұғып қана қоймай, іске кірісіп кеткен көрінеді.
Ғылым • 18 Маусым, 2024
Нанотехнологияның биігін бағындырған
Әйгілі топырақтанушы Вильямс «Ғылымда демалыс жоқ. Ғылым үшін демалыс жұмыстың өзгеруі ғана» дейді. Бұл ойды ғылымның отанына айналған АҚШ-та 20 жыл білім алып, үлкен зерттеулер жасаған Нұршат Нұражы да құптайды. Себебі ол ешқашан ізденістен танған емес. Оның нанотехнология туралы зерттеуі ғалымдар арасында құнды. Ал бұл жолы қазақ ғалымы мұнайдан өңделетін дәріні биоқалдықтан жасаймыз деп ниеттеніп отыр. Назарбаев университетінің профессоры, химия инженері Нұршат Нұражы бастаған ғалымдар тобы мұнайдан өңделетін дәрі-дәрмекті тірі ағзалардың қалдығынан алу жобасын іске асырып жатыр. Бұл зерттеу – ұтымды инженериялық шешім. Еліміздің мұнайға негізделген экономикасын әртараптандыруға үлес қосады. Ғалымның өзімен, ерекше жаңалығымен танысайық.
Таным • 15 Маусым, 2024
Ғалам ғажаптары: Сөйлейтін қолғап
Негізі өнертабыстар адам өмірін жеңілдету үшін жасалуы керек. Әлбетте, барлығы ниетке байланысты. Ал «сөйлейтін қолғап» жасап шығарған мына балалардың көңілі аппақ екен.
Таным • 14 Маусым, 2024
Ғалам ғажаптары: Алтыншы саусақ
Әлем ғалымдары «Алтыншы саусақ» деп аталатын робот жасап, жарысып жатыр. Оны қолға киюге болады.
Digital • 14 Маусым, 2024
Жүк тасымалын цифрландыру әлеуеті
Әнуар бір күні кафеде бір жобаға сайт жасап, серіктестерімен ағылшынша сөйлесіп отырады. Сол кезде қасына бір ер адам жақындап, «Жігіт, IT маманысың ба?» деп сұрайды. Әнуар басын изейді. Осы сәтте асфальт жолдарының кемшілігін анықтайтын цифрлы жүйе жасау туралы ұсыныс түседі. Жол мен жүк тасымалы, теміржол мәселесін цифрландыру тың әрі халыққа қажет жоба деген ой келіп, келісе кетеді. Солай елімізде «Smart System Technologies» іске қосылды. Ол жоба қаншама пайдалы стартап әкелді.
Қоғам • 14 Маусым, 2024
Назгүл Сәкен Германиядағы Гейдельберг университетінде докторантурада оқып жүр. Оқуы жуырда аяқталады. Ол бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін зерттеп, жаңа әдіс тапқан. Биылғы наурызда Гарвардта докторлық диссертациясын ұсынған-тұғын. Оның жұмысы шетел ғалымдары арасында үлкен қызығушылық туғызды. Жақында Назгүл Гарвард университетінде жұмыс істеуге шақырту алды.
Есірткі • 13 Маусым, 2024
Есірткі қылмысының жолын кеседі
Цифрлы технология дамыған сайын әлеуметтік мәселелерді қадағалау да жеңілдей түсті. Әсіресе құмар ойындар мен әртүрлі қылмыстың алдын алу жүйеленіп келеді. Мысалы, жақында ғана есірткі қылмысының Digital-картасы іске қосылды.
Білім • 13 Маусым, 2024
Педагогикалық шеберлігін шыңдайды
Еуропалық одақтың жобасы отандық Педагогикалық шеберлік орталығына сеніп тапсырылды.