Бокс • 09 Мамыр, 2024
Боксшылар еншісінде – 25 алтын!
Еліміздің бас қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында жалауы желбіреген сайысқа сары құрлықтың 25 мемлекетінен 397 (267 ер, 130 әйел) спортшы қатысты. Аталған додада боксшыларымыз 25 алтын медаль жеңіп алды.
Олимпиада • 04 Ақпан, 2024
2 ақпанда Оңтүстік Кореяда қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасы мәресіне жетті. 19 қаңтарда басталған бәсекеге 78 елден 1 803 атлет қатысты. 32 мемлекет жүлдеге қол жеткізді.
Олимпиада • 29 Қаңтар, 2024
Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының кезекті жарыс күндері өтті. 26-27 қаңтарда сайысқа шыққан спортшыларымыздың ешқайсысы, өкінішке қарай, жүлдегерлер қатарынан көрінген жоқ.
Жеңіл атлетика • 28 Қаңтар, 2024
Астана қаласында алғаш рет өткен «Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Олимпиада • 25 Қаңтар, 2024
Мерейімізді үстем еткен Олимпиада
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы белортасынан асты. Жеті күн бойы сайысқа түскен спортшыларымыз әзірге 1 алтын, 2 қола медальмен, бейресми жалпыкомандалық есепте 15-орында келеді.
Олимпиада • 22 Қаңтар, 2024
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші күні артта қалды. Қазақстан қоржынында әзірге екі медаль бар.
Спорт • 21 Қаңтар, 2024
2009 жылы Астанаға баскетболдан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов келді. 1972 жылы КСРО құрамасы сапында Мюнхен олимпиадасының жеңімпазы болған Әлжан ағамыз БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Мен Ташкентке жақын Табақсай ауылында дүниеге келдім. Әкеме жазда үй салуға көмектесетінмін. Бесінші сыныптан бастап мақта теруге баратынмын», дегені әлі есімізде.
Сұхбат • 17 Қаңтар, 2024
Толқын Қылышев: Бізге қазақ боксының мықты болғаны керек
Қазақ пен өзбек боксы тізгін қағысып қатар дамып келеді. Жаһандық жарыстарға көз тіккен жанкүйер қауым да бауырлас екі ел боксшыларының өнерін қалт жібермейді. Оны спорт сарайларындағы жанкүйерлердің шуылы мен шаршы алаңдағы сойқан соққылардың суылынан да байқап жүрміз. Өткен жылдың соңында Өзбекстанның ішкі чемпионатын тамашалаудың сәті түскен еді. Сол сапарда бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевпен емен-жарқын әңгімелесуге де мүмкіндік туды.
Спорт • 29 Желтоқсан, 2023
Спорт саласында 2023 жылды дауыл алдындағы тыныштық деп атасақ, дөп келетіндей. Өйткені келер жылы төрт жылдықтың басты додасы – Олимпия ойындары өтеді. Биыл спортшыларымыз лицензия үлестіретін бірнеше әлем чемпионаты мен Азия ойындарында бақ сынады.
Спорт • 27 Қараша, 2023
Мырзағали АЙТЖАНОВ, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері: Іріктеу турниріне мықтылар барады
Өткен аптада Астана қаласында бокстан Қазақстан спартакиадасы өз мәресіне жеткен-ді. 176 боксшы 13 салмақ бойынша өзара жеңімпазды анықтады. Спартакиададан кейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов финалдық жекпе-жек жайында пікірін білдіріп, кімдердің құрамаға шақырылатыны, оларды қандай жарыстар күтіп тұрғанын ортаға салды.