Алмас МАНАП
Алмас МАНАП«Egemen Qazaqstan»
53 материал табылды

Спорт • 01 Қараша, 2024

«Alash» балалары Түркияда топ жарды

24-29 қазан күндері Түркияның Белек қаласында «Belek International Youth Cup 2024» халықаралық турнирі өтті. Додаға Түркия, Өзбекстан және елімізден барған бірнеше команда қатысты.

Футбол • 06 Қыркүйек, 2024

Қазақ футболының бүгіні мен ертеңі

Бүгін Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы Алматының Орталық стадионында Норвегия футболшыларын қабылдайды. Станислав Черчесов баптайтын жігіттер бұл ойынға қаншалықты дайын екенін жасыл алаңдағы қимылынан білетін боламыз. Біздің бар білетініміз 2002 жылы УЕФА құрамында доп тебуге мүмкіндік алған ел аяқдоп шеберлері 22 жыл өтсе де ірі додаларға қатыса алмай келеді. Неге? Бұл көкейдегі сұрақ спорт функционерлерін, футбол мамандарын, тіпті психологтерді де толғандырады.

Бокс • 09 Мамыр, 2024

Боксшылар еншісінде – 25 алтын!

Еліміздің бас қаласында жас­тар мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында жалауы желбіреген сайысқа сары құрлықтың 25 мемлекетінен 397 (267 ер, 130 әйел) спортшы қатысты. Аталған додада бокс­шыларымыз 25 алтын медаль жеңіп алды.

Олимпиада • 04 Ақпан, 2024

Канвон: 1 алтын, 2 қола

2 ақпанда Оңтүстік Кореяда қысқы спорт түрлері­нен IV жасөспірімдер Олимпиадасы мәресіне жетті. 19 қаңтарда басталған бәсекеге 78 елден 1 803 атлет қатысты. 32 мемлекет жүлдеге қол жеткізді.

Олимпиада • 29 Қаңтар, 2024

Жүлденің ауылы алыстап барады

Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV жас­өспі­рімдер Олимпиа­да­сы­ның кезекті жарыс күн­дері өтті. 26-27 қаңтарда сайысқа шыққан спорт­шыларымыздың ешқай­сысы, өкінішке қарай, жүлде­гер­лер қата­рынан көрінген жоқ.

Жеңіл атлетика • 28 Қаңтар, 2024

«Алтын» деңгейдегі турнир

Астана қаласында алғаш рет өткен «Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Олимпиада • 25 Қаңтар, 2024

Мерейімізді үстем еткен Олимпиада

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы белортасынан асты. Жеті күн бойы сайысқа түс­кен спортшыларымыз әзірге 1 алтын, 2 қола медальмен, бейресми жалпыкомандалық есепте 15-орында келеді.

Олимпиада • 22 Қаңтар, 2024

Әзірге алтыншы орындамыз

Оңтүстік Кореяның Канвон қала­сында IV қысқы жасөспірімдер Олим­пиадасының екінші күні артта қалды. Қазақстан қоржынында әзірге екі медаль бар.

Спорт • 21 Қаңтар, 2024

Табақсай тарландары

2009 жылы Астанаға баскетболдан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов келді. 1972 жылы КСРО құрамасы сапында Мюнхен олимпиадасының жеңімпазы болған Әлжан ағамыз БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Мен Ташкентке жақын Табақсай ауылында дүниеге келдім. Әкеме жазда үй салуға көмектесетінмін. Бесінші сыныптан бастап мақта теруге баратынмын», дегені әлі есімізде.

Сұхбат • 17 Қаңтар, 2024

Толқын Қылышев: Бізге қазақ боксының мықты болғаны керек

Қазақ пен өзбек боксы тізгін қағысып қатар дамып келеді. Жаһандық жарыстарға көз тіккен жанкүйер қауым да бауырлас екі ел боксшыларының өнерін қалт жібермейді. Оны спорт сарайларындағы жанкүйерлердің шуылы мен шаршы алаңдағы сойқан соққылардың суылынан да байқап жүрміз. Өткен жылдың соңында Өзбекстанның ішкі чемпионатын тамашалаудың сәті түскен еді. Сол сапарда бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевпен емен-жарқын әңгімелесуге де мүмкіндік туды.