Аймақтар • 06 Ақпан, 2025
2017 жылы Ақтөбе қаласының іргесіндегі Кірпішті елді мекенінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды. Бүгінде орталықта 16-29 жас аралығындағы 45 жас тұрады. Үш гектар аумақта екіқабатты төрт таунхаус, әкімшілік ғимараты, жазғы спорт алаңы, үйірмелер мен шеберхана орналасқан.
Байқау • 05 Ақпан, 2025
Ақтөбе қаласындағы №56 орта мектепте «Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла» атты байқау өтті. Оған облыс орталығындағы елу екі мектептің 8-11 сыныптарынан 90 оқушы қатысып, қалдықтардан жасаған бұйымдарын көрмеге қойды.
Маман • 23 Қаңтар, 2025
Жұмысшы мамандықтары жылына орай, кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру, еңбек жағдайларын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту, жұмысшы мамандықтарын жаңарту, адал еңбектің мән-маңызын кеңінен насихаттау жұмыстары Ақтөбе облысында да жан-жақты қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр.
Мектеп • 23 Қаңтар, 2025
Теміркөпірдегі жаңа білім ұясы
Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округіне қарасты Теміркөпір ауылында 60 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның құрылыс жұмыстарына 680 млн теңге жұмсалды. Жаңа білім ошағы жайлы әрі заманауи талаптарға сай салынған. Толық жабдықталған химия, биология, физика, көркем еңбек пәндері кабинеттері, кең де жайлы спортзалы мен асханасы бар. Мектеп ауласындағы жаңа спорт алаңында бірнеше спорт түрімен шұғылдануға болады.
Фармацевтика • 17 Қаңтар, 2025
Дәрі өндірісінің дәрежесі артты
Өңірдегі «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС – сұйық және қатты дәрілік заттар, жақпа май, түрлі ерітінді, медициналық бетперде шығарумен айналысатын фармацевтика саласында өзіндік орны бар зауыт. 2012 жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық қолдауын алып, ашылды. Сол кезде небәрі 3 түрлі дәрі шығарса, қазір нарыққа 59 түрлі дәрі-дәрмек ұсынып отыр.
Тағзым • 09 Қараша, 2024
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қазақ тіл білімінің іргетасын қалауға зор үлес қосқан Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жұбанов тағылымы» атты халықаралық ХІ конференция өтті.
Форум • 01 Қараша, 2024
Жастар және қоғам жауапкершілігі
Өнер орталығында өткен «Жастар. Жігер. Болашақ» форумында жастар арасында белең алған нашақорлық, лудомания, буллинг, суицид сияқты күрделі мәселелердің алдын алу кеңінен талқыланды. Форум жұмысына облыс әкімі Асхат Шахаров, полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов және облыстық прокуратура өкілдері қатысты.
Зерде • 18 Қазан, 2024
Билер мұрасы немесе тұлғатанудағы түйткілдер
Ақтөбеде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әйтеке би Бәйбекұлының 380 жылдығына арналған «ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ елі: Әйтеке би заманындағы ұлттық құндылықтар және ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық конференция өтті. Жан-жақтан келген ғалымдар Тәуке хан заманында мемлекетті нығайтуға үлкен үлес қосқан билер институтының зерттелмеген тұстарын талқылады.
Тұлға • 10 Қазан, 2024
Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапханада Ұлттық ғылым академиясының академигі, лингвист ғалым Рәбиға Сыздықтың 100 жылдығына арналған «Тіл білімінің тарланы» атты онлайн конференция өтті. Қазақ тіл білімі саласында 27 кітап, 400-ден астам ғылыми мақала мен монография шығарып, 9 докторлық, 19 кандидаттық диссертацияға жетекшілік еткен айтулы ғалым, ұлық ұстаз туралы әр өңірдегі шәкірттері еске алды.
Медицина • 09 Қазан, 2024
Тұрғындар сапалы медициналық көмекке зәру
Ақтөбе өңірінде денсаулық сақтау саласында қалыптасқан ахуал, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты алаңдатарлық жағдай көп. Тек осы жылдың тоғыз айы ішінде ана мен сәби өлімі көбейіп, қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны өскен.