Отбасы • 07 Қыркүйек, 2024
Ойыл ауданы Ақкемер ауылы Жамбыл мектеп-балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі, 39 жастағы Кәмшат Абылғазина – көпбалалы ана. Отбасындағы 9 баласының үлкені – 18 жаста, Ақтөбе медицина колледжінің 3-курс студенті. Екінші қызы биыл Қарағанды медицина университетінің фармацевтика факультетіне оқуға түсті. Екеуі де грантта оқиды. Алты баласы мектеп жасында болса, ең кенжесі – бір жаста.
Құқық • 05 Қыркүйек, 2024
Бала қауіпсіздігіне кім жауапты?
Жаңа оқу жылы қарсаңында облыстық полиция департаменті мен жергілікті полиция қызметі өңірдегі білім беру ұйымдары басшыларымен кездесіп, балалардың жолда жүру қауіпсіздігі жайын талқылады. Жыл басынан бері өңірде 424 жол-көлік оқиғасы болып, 599 адам әртүрлі деңгейде жарақат алса, 95 адам қайтыс болған. Өкініштісі, жол апаты биылдың өзінде 15 мектеп оқушысының өмірін жалмады.
Тарих • 05 Маусым, 2024
«Ғалия» медресесінің шәкірттері
Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Санкт-Петербургтегі Ресей мемлекеттік архиві, Орынбор облыстық мемлекеттік архиві және Башқұртстан Республикасы Уфа қаласындағы Ұлттық архивінен қазақ тарихына қатысты көптеген құнды құжат тауып әкелді.
Өндіріс • 02 Сәуір, 2024
Өңір кәсіпорындары саланың қажетін өтеп отыр
Бірер күн бұрын өңірдегі бірнеше ірі кәсіпорынның табалдырығын аттау мүмкіндігі туды. Бүгінде Ақтөбе облысында CT-KZ өндірістік сертификатын алған 200-ге жуық тауар өндіруші тіркелсе, олардың арасында ең белсенділері – корпустық жиһаз, медициналық кереуеттер мен зертханалық жұмыстарға арналған металл шкафтар, өрт қалқандарын жасайтын металл құрастырмалар өндірісі.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2024
Өткен жылдың 5 қарашасында өткен аудан әкімдері сайлауында Ақтөбе облысынан Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандарын басқаруға тоғыз үміткер таласты. Дауыс беру қорытындысында 60 жастағы Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев пен 55 жастағы Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов өз орындарына қайта отырса, Қобда ауданының әкімі ғана өзгерді. Қобда ауданын 2020 жылдың 21 наурызынан бері басқарып келе жатқан Болат Құловты 45 жастағы орынбасары Ізгілік Тынымгереев алмастырды.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2024
Ақтөбе қаласының іргесінде, Елек өзенінен екі шақырым жерде химия зауытының салынатыны туралы хабар табиғат жанашырларын дүрліктірді. Жобаны «EASY» компаниясы тобына кіретін «Epsilon Group» ЖШС жүзеге асырып, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі өндірістік аймақта жылына 48 мың тонна тұрмыстық химия бұйымдары мен мұнай қондырғыларын шаюға арналған реагенттер шығаруды жоспарлаған.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Абат-Байтақ эпиграфиялық ескерткіштері
Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан зор үлесі – араб жазуындағы эпиграфиялық ескерткіштері немесе тастан қашалған құлпытастар. Бабалар қолының табы қалған тас қашау өнерінің артында ізі жоғалған медреселер жүйесі, ұсталық дәстүр және халықтық сәулет мектебі тұр. Алайда көп жұртта кездесе бермейтін құнды жәдігерлер табиғат құбылысы әсерінен жойылып, өрістегі мал тұяғының астында тапталып барады. Осы мәселелер Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Абат-Байтақ» қорымының арабжазулы эпиграфиялық ескерткіштері» кітап-альбомының тұсаукесерінде талқыланды. Кітап-альбом авторлары – тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүминов пен PhD Бағдат Дүйсенов. Араб жазуындағы мәтіндерді аудару жұмыстарына әріптесіміз Қазбек Құттымұратұлы да қатысты.
Айбын • 06 Ақпан, 2024
Әскери ұшқыштардың жоғары мектебі
Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты еліміздің Қарулы күштеріне білікті әскери ұшқыштар мен инженерлер даярлап келеді. Сондай-ақ іргелі оқу орнының Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының мүше мемлекеттерінің авиация мамандарын оқытып келе жатқан Орталық Азиядағы жалғыз оқу орны екенін айта кеткен жөн.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң талаптарын қатаңдату, қылмыстың алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізу, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жүйесін жаңғырту, осы іске азаматтық қоғам институттары мен сарапшыларды тарту мәселелері өткір көтерілді. Елімізде осы бағытта құқық қорғау органдары көп жұмыс атқарып жатқанына қарамастан, жасөспірімдер қолымен жасалатын және жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыс түрлері азаймай отыр. Бұл жағынан Ақтөбе облысындағы ахуал қандай?
Зерде • 24 Қаңтар, 2024
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін: тың деректер және зерттеу нәтижелері» тақырыбында өткен жиында еліміздің батыс облыстары тарихшылары мен өлкетанушылары зерттеулерімен бөлісті. Ақтөбе облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері халық көтерілістері, күштеп ұжымдастыру және босқындар, 30-жылдардағы аштық, Алаш идеясын жақтаушылар, дін өкілдері, әскери тұтқындар, Қазақстанға күштеп көшірілгендер бойынша зерттеу жүргізді. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті арнайы архивінен 617 қылмыстық іс, облыстық архивтен 17 611 іс зерттелді. Нәтижесінде, мемлекеттік комиссия қарауына 3 850 адамды ақтау ұсынылды. Мұнымен бір кезде Ақтөбе өңіріндегі 1916-1930 жылдардағы көтеріліс ошақтары және қаза тапқандар жерленген тоғыз орын, аштықта өлгендер көмілген он төрт орын анықталды. Конференцияда ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева комиссия жұмысы қорытындысы бойынша әзірленген «Ақтөбе өңіріндегі шаруашылық-саяси науқандар», «Ақтөбе өңірінде байлардың, кулактардың, орта шаруалардың қудалануы», «Қасіретті жылдар зобалаңы» архивтік-құжаттар жинақтарын, «Рухани болмысты күйрету және дін өкілдерін қудалау саясаты», «Ақтөбе облысына күштеп жер аударылған ұлт өкілдері: тарихы мен тағдыры» атты монографияларды таныстырды.