Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
549 материал табылды

Ең қысқа әңгіме • 11 Желтоқсан, 2024

Әлеуметтік желі: әдеп пен мәдениет

Ағам амандасу мақсатында ұсынған қо­лымды жөндеп алмады. Қолын нем­құрайды соза салды. Теріс қарап отырып алды. Түсі суық көрінетін, бірақ іші жы­лы ағам­ның кейде өстіп қалатыны бар. Оны­сы – өтірік өкпелегенсігені, назданға­ны, өзімсінгені. Мұны біліп тұрсам да жең­геме қарап «тыныштық па?» дегендей иек қақ­тым. Жеңгем оң көзін қысып, жымия басын шұлғыды. Мұнысы «ағаңды өзің түсі­несің, әлденеге ренжіп отырғанын саған өзімсініп сездіріп жатқаны, оның үстіне әлдебір әңгіме бастарда кіріспесін осындай әрекетпен әрлейтінін білесің ғой» дегені.

Ең қысқа әңгіме • 23 Қараша, 2024

Ақылды келіншек

Шымкентте тұрғанымызда өзара сәлеміміз түзу бір көрші жігіт болды, менен жасы кіші. Ол азанда жұмысына нық басып кетіп бара жатады, ал кешке көбіне үйіне мас күйде сүріне-қабына келе жатқаны. Өзі – құрылысшы. Жалпы, жайдары жігіт... Шалт қимылды. Сөзшең. Жайшылықтың өзінде, яғни ішпей-жемей-ақ еліріп, екпіндеп сөйлейді, жүрісі де жылдам. Онсызда ішінде «қызуы көтеріліп» жүретін жан спиртті ішімдік ішсе, не болады?..

Ең қысқа әңгіме • 16 Қараша, 2024

«Бар екен ғой, бар екен жақсы адамдар»

Өзім тікелей куә болған осы бір оқиға туралы кімге айтпадым десеңізші... Талайлармен өзара әңгімелесулерде тақырып ауаны жол көлік оқиғасы немесе қайырымдылық бағытына ойысса мен жұмбақтап отырған сол бір көрініс есіме түсе кетеді.

Қоғам • 02 Қараша, 2024

Шынайы бәсекелестік шыңдай түседі

«Ксерокс» майлы жілік болып тұрған кез. Осындай құрылғысы бар адам күзірлі еді. Оның қызметіне жүгінбейтін жан кемде-кем. Байың да, бағыланың да, кедейің де, кепшігің де «ксерокске» кіріптар. Сұралған құжаттарды кез келген жерде бүгінгідей смартфонмен сканерлеп «ватсап», «телеграм» қосымшалары арқылы жолдау немесе көрсете салу әлі пешенеге жазыла қоймаған.

Өнер • 29 Қазан, 2024

Әр нотасы – туған жердің бейнесі

Қазақстандық орындаушы Sangina АҚШ-та қазақ және ағылшын тілде­рінде «My Motherland» («Атаме­кенім») қос синглін шығарды. Елімізге арнал­ған әсерлі композиция бүкіл әлем тың­даушыларының жүрегінен орын алды. Музыкалық трек АҚШ пен Еуро­падағы радиостансаларда шырқалып, ондаған шетелдік плейлист әнді өз таңдауларына енгізді.

Қоғам • 15 Қазан, 2024

Сәкен орталығы ашылды

Астанадағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Сәкен Сейфуллин атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Аталған университет ректоры, ҰҒА академигі Қанат Тіреуовтің бастамасымен орталық Гуманитарлық факультеттің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының жанынан құрылып отыр.

Ең қысқа әңгіме • 05 Қазан, 2024

Қайдасың, қазақы «шагом марш!»

Пойызға отырдық. Бағыты­мыз – «Астана – Шымкент». Купе. Мен кіргенде іште қазақтың жа­сы жетпіске жақындаған қара­пайым қариясы мен жас жігіт отыр. Сыпайы амандастық. Олар мен келгенге дейінгі өзара әңгімелерін жалғастырды.

Өнер • 30 Шілде, 2024

Ұлттық кино: ілгерілеу мен ізденіс

Кино да тірі организм сияқты. Кейде көз ілеспес жылдамдық­пен дамиды, бірде тоқырап, құлдырайтын кезеңдері болады. Қазір мемлекет тарапынан бұл салаға қамқорлық күшей­генін аңдаймыз. Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіндегі «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орта­лығы» бар. Ұлт киносын қолдайтын орталықтың түпкі мүддесі туралы орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек ЖҰМАҒАЛИДАН сұраған едік.

Мәдениет • 11 Шілде, 2024

Кітап – ұлттық құндылық

Адамзаттың аса бағалы құндылықтарының бірі – кітап. Бұған мемлекет мән беріп, қоғам тарапынан баса назар аударылып келе жатқаны – құптар­лық жайт. Өйткені осынау құндылығымыздың өзегінде халқы­мыз­дың бар болмысы, жаны, арман-тілегі, мәдениеті, салт-дәс­түрі, тарихы жатыр. Олай болса, әдебиетіміздің жауһар­лары, адамзаттың ақыл-ойы қат­талған ұлттық кітаптары­мызға жоғары талғаммен қарау, оны өз деңгейінде тұтыну, ұрпағы­мызға қолжетімді әрі замануи әдістермен ұсына білу маңызды.

Өнер • 16 Желтоқсан, 2023

Димаш әйгілі телешоуда қазылық етеді

Танымал әнші, қазақтың бренді, мақтанышымыз Димаш Құдай­бер­ген «Виртуози» телешоуында атақты тенор Пласидо Домин­го­мен бірге қазылар құрамына енгенін мақтанышпен жазды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.