Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
192 материал табылды

Қоғам • 24 Тамыз, 2022

Тіл – түсінісу құралы...

Кейінгі кезде дүкенде, ұшақта, көлікте және басқа қоғамдық орындарда қазақ тілінде қызмет көрсетілмеуіне байланыс­ты дау-дамай туғызып, оны әлеуметтік желіде жариялап, талқыға салушылар көбейіп бара жатқандай. Азаматтардың мұндай талабы орынды, әрине. Тек осындай іс-әрекеттердің кейбірінің астарында қазақстандықтардың этносаралық та­ту­лығына сызат түсіріп, сына қағу мақ­­саты жасырынып тұрғандай көрініп, алаң боласың.

Қоғам • 17 Тамыз, 2022

Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..

Былтырға дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылары еліміздің қай саласын болсын ілгері бастырмауға айналып, жегі құрттай іштен жеп жатқан сыбайлас жемқорлықтың туындауының басты себебі ретінде мемлекеттік қызметшілердің жалақысы төмендігін айтып келген-ді. Осыған орай былтыр шілде айынан бастап барлық мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай көтерілді.

Сұхбат • 14 Тамыз, 2022

Назгүл Естеусизова: Міндет – коллекторлық қызмет нарығын дамыту

Қазақстандағы проблемалы кредиттер портфелінің көлемі ұдайы өсіп барады. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, екінші деңгейлі банктердегі мерзімі 90 күннен асқан кредиттер 3,6 пайызды немесе 769,7 млрд теңгені құрап отыр. Биылғы жыл басынан бері бұл көрсеткіш 15 пайызға ұлғайған. 60 күннен аса мерзімі өткен қарыздардың көлемі 87,4 млрд теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтардан бастап бұл сома 84 пайызға артқан. Сондай-ақ еліміздің микроқаржы ұйымдарындағы 60 күннен асқан берешегі бар проблемалы микрокредиттердің көлемі шамамен 2 пайызға немесе 15 млрд теңгеге тең, ал NPL 90+ яғни тоқсан күннен асқан қарыз – 7,5 пайыз немесе 60 млрд теңгеден асқан. Проблемалы кредиттердің көбеюі өз кезегінде коллекторлық агенттіктердің жүктелімін арттырды. Осыған орай, «Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасы» одақ түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) төрағасының міндетін атқарушы Назгүл Естеусизова «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беріп, қазіргі кездегі коллекторлардың жұмысы мен олардың қандай әлеуметтік маңызды қызмет атқаратыны жайлы айтты.

Қоғам • 14 Тамыз, 2022

Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 16 наурызда жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында облыстар мен рес­публикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының саны үшеуден аспауы керектігін, ерекше жағдайда ғана төртін­шісіне рұқсат берілетінін атап айтты. Ара­да өткен бес айға жуық уақыт ішінде Пре­зидент тапсырмасының орындалу бары­сын білу үшін өңірлер әкімдіктерінің ресми сайттарына үңілдік.

Қоғам • 11 Тамыз, 2022

Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, өткен ғасырдың тоқса­нын­шы жылдарындағы өтпелі кезеңде тап болған экономикалық қиын­дықтарды еңсерген тұста – 2000 жылы болашақ ұрпақ игілігіне арналған Ұлттық қор құрыл­ғаны мәлім. Қор 2008 жылы басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы кезінде және коронавирус пандемиясы қай мем­лекеттің болсын экономикасына ауыр соққы болып тиген кейінгі жылдары егемен еліміздің қуат­ты қаржылық тірегіне айналды.

Қазақстан • 05 Тамыз, 2022

Қанат Әлмағамбетов: «Алып темір жол механизмінің жұмысында іркіліс болмауға тиіс»

Биыл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өзінің 25 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде ұлттық тасымалдаушы өндірістік көрсеткіштерін жыл са­йын арттыра және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыра отырып, өзгерістердің ұзақ жолын артта қалдырды. Темір жол Қазақстанның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие. Бүгінде компания жаңа реформалар қарсаңында тұр. Осыған орай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов «Egemen Qazaqstan»-ға сұхбат беріп, қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, алдағы өзгерістер мен жоспарлар жайлы әңгімеледі.

Қазақстан • 04 Тамыз, 2022

Орынды жаңашылдықтар, ойланарлық жайлар

Әділет министрлігі әзірлеген «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылау аяқталды. Осы маңызды құжат арқылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу көзделген. Соның ішінде сайлау заңнамасын жетілдіруге қатысты түзетулер ерекше қызығушылық туғызып отыр.

Қоғам • 03 Тамыз, 2022

Жосықсыз кәсіпкерлер жұқтырған «дерт»

Отбасылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемдегі алғашқы ондыққа кіргені мәлім. Ұлттық статисти­ка бюросының мәліметіне қарағанда, елі­мізде өткен жылы 140,3 мың неке тір­келсе, 48,2 мың отбасы заң жүзінде ажы­расқан. Бұл ретте қазіргі қоғамда «Жас отба­сылар жиі ажырасады» деген пікір қалып­тасқанымен, статистикалық көрсеткіштер басқаша «сөйлейді».

Қоғам • 31 Шілде, 2022

«Көгілдір отын» – көптен күткен игілік

Ел тұрғындарын газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы назар аударып отырған басым бағыттардың бірі. Халық игілігіне айналатын бұл маңызды жоба республика бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Әсіресе бас шаһарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде астананың 4 мыңнан астам тұрғын үйі газ желісіне қосылған.

Қазақстан • 31 Шілде, 2022

«Баяғыда бұндайды бюролап тастайтын...»

Таяуда менің Көкшетау қаласында біраз уақыт еңбек еткенімді ескерген ескі танысым Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне сілтеме жасалған бір сыни ақпаратты мессенджер арқылы жолдады. Ә дегенде «Ақмола облысы басшылығының беделін түсіруді көздеген фейк болар...» деген ой келіп, жалма-жан аталған мемлекеттік органның ресми сайтын ашып қарадым. Сонда жарияланған ресми мәліметтен бәрі де рас екеніне, яғни астана маңындағы өңірде бірсыпыра былық-шылықтың беті ашылғанына көзім жетіп, басымды шайқамасқа амалым қалмады...