Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
191 материал табылды

Су тасқыны • 21 Мамыр, 2024

Тасқын сабағы

Биылғы алапат су тасқыны елді біраз әбігерге салды. Ендігі міндет – алдағы уақытта осындай төтенше жағдайды болдырмау үшін су тасқынының алдын алуда орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан жол берілген елеулі кемшіліктерді талдап-талқылап, тағылым алу.

Қоғам • 03 Мамыр, 2024

Мобильді төлем неге төмендеді?

Биылға дейін еліміз цифрландыру бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында көшбасшы болғанын мақтан тұтып келдік. Алайда биыл цифрландыру саласында одан әрі ілгері басудың орнына, бір қадам артқа шегініп кеткендейміз.

Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Мемлекеттік қызмет: жастардың көзқарасы әр алуан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда болған үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Мен жуырда Президенттік жас­тар кадр резервінің мүшелерімен арнайы кездестім. Сонда айтқан ойымды еліміздің барша жастарына тағы да қайталағым келеді. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек», деді.

Пікір • 10 Желтоқсан, 2023

Кері тартқанды бері тарт

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеше жарияланған «Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы оның биылғы «Әділетті Қазақстанның эко­номикалық бағдары» Жолдауында алға қойылған нақты да зор міндет – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есе ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу міндетін жүзеге асыру талабынан туындаған қисынды да маңызды қадам деп білеміз.

Пікір • 07 Қараша, 2023

Жиен неге ел болмасын?

Халқымызда жиен ұғымына қатысты мағынасы бір-біріне қарама-қарсы келетін нақылдар бар. «Жиен ел болмас, желке ас болмас» деген ағайынға «Жиен неге ел болмасын, малы болса, желке неге ас болмасын майлы болса?» деген қарсы уәж айтылғаны мәлім. Бұған қоса, «Жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан, үйдің жақсы болмағы – ағашынан» деген әлмисақтан бері айтылып келе жатқан сөз де бар.

Шаруашылық • 27 Қазан, 2023

«ҚазАгроҚаржы» қолайсыз ауа райынан зардап шеккендерді қолдайды

Агроөнеркәсіптік кешендегі отандық лизингтік қызметтер нарығындағы көшбасшы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолайсыз ауа райы жағдайларының ауыр зардаптарына тап болған аграршылардың проблемаларын назардан тыс қалдырмайды.

Қоғам • 17 Қазан, 2023

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қоғамдық тыңдау өтті

Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ алдағы жылғы жұмысқа экологиялық рұқсат алу үшін қоғамдық тыңдау өткізеді. 16 қазанда кезекті қоғамдық тыңдау өтті.

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023

Зейнеткер еңбекке қабілетсіз адам ба?

Жақында тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар, жасы алпыстың жуан ортасындағы зейнеткер хабарласты. Айтуынша, өзі туып-өскен солтүстік облыстардың біріне отбасымен бірге көшіп барып, оқытушылық қызметке орналасу туралы өтініш берген. Алайда халықты жұмыспен қамту органы өтінішті қабылдамай тастапты.

Шаруашылық • 30 Тамыз, 2023

«ҚазАгроҚаржы» жеңілдетілген бағдарламаларға қатысуға өтініш қабылдайды

Ауыл шаруашылығы секторы ел экономикасы үшін қашанда маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары бұл салаға ерекше мән беріп, агроөнеркәсіп кешенін қолдау шараларын күшейту қажеттігін айтып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға Үкімет қана емес, аталған саладағы ірі компания­лар да елеулі үлес қосып жүр. Солардың бірі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынып отырған бағдарламаларға тоқталып өтуді жөн көрдік.

Саясат • 29 Тамыз, 2023

Саяси реформаларға жол ашқан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыұлттық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Ұсынылған 56 түзетуді дауыс беруге қатысқан Қазақстан азаматтарының 77,18 пайызы қолдап, жаңартылған Ата Заң халық мүддесін көздеген игі істерге жол ашты.