Экономика • 10 Қаңтар, 2023
Акцизделетін өнім айналымын бақылау
Акцизделетін өнімнің (алкоголь өнімі, темекі өнімдері және мұнай өнімдері) айналымын бақылау өз нәтижесін берді. 2022 жылдың қорытындысымен аталған өнімдер бойынша түсімнің өсу қарқыны 1,6 есеге ұлғайды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Ауа райы • 09 Қаңтар, 2023
Жаңа жыл бастала салысымен табиғат райы сан құбылып тұр. Қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылып, жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай жатыр.
Экономика • 06 Қаңтар, 2023
Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің Startup Orda өңірлік IT-кәсіпкерлерді дамыту бағдарламасы өз мәресіне жетті. Бағдарламаны қорытындылау мақсатында Demo Day жобалар байқауы ұйымдастырылып, жалпы жүлде қоры 5 млн теңге көлемінде ақшалай грант берілді.
Білім • 16 Желтоқсан, 2022
«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы аясында Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындары 250 білім гранты ұсынылады. Бұл – Қазақстан мен Мажарстан арасындағы келісімнің нәтижесі.
Сұхбат • 15 Желтоқсан, 2022
Компания биржада қаржыландыруды тарту үшін листинг үдерісінен өтуі керек. Листинг процедурасының мәні – бағалы қағаздар мен оның эмитентінің Биржа тізіміне енгізу талаптарына сәйкестігін тексеру. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісінің ашықтығы және өз акционерлері мен қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ашуға дайындығы түйінді сәт болып саналады. KASE Басқарма төрағасының орынбасары Наталья ХОРОШЕВСКАЯ қазақстандық қор биржасында листинг қалай өтіп жатқаны және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтып берді.
Экономика • 09 Желтоқсан, 2022
7 желтоқсан – Халықаралық азаматтық авиация күні саналады. Кәсіби мереке 1994 жылы ИКАО-ның 50 жылдығын атап өту кезінде белгіленген. Отандық азаматтық авиация қызметінде ұшу қауіпсіздігінің деңгейін одан әрі күшейтуге байланысты негізгі мақсаттарға қол жеткізу бойынша жұмыс жоспарлы түрде орындалып келеді.
Медицина • 09 Желтоқсан, 2022
«Паркинсон сырқаты мазалайтын 52 жастағы Астана тұрғынын дәрігерлер қимыл-қозғалыс функцияларының бұзылысынан құтқарды. Науқасқа «оң жақ стереотактикалық таламотомия» операциясы жасалды. Басқаша айтқанда, науқас бас сүйегі арқылы мидың ортасына терең еніп, субталамикалық ядроға ток өтетін кішкентай электродтар енгізілді. Құрылғы аурудан зардап шеккен ми жасушаларының жұмысын терең ынталандырады. Импульс мидың зақымдалған бөліктеріне тікелей еніп, олардың қызметін тездетеді. Осылайша, Паркинсон ауруының белгілерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және оның ағымын баяулатады. Операция МӘМС аясында квота бойынша жасалды.
Медицина • 09 Желтоқсан, 2022
Эндопротездеу: науқасқа арналған бейнеконсультация
Академик Н.Ж.Бәтпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының мамандары Қазақстанда ірі буындарды бастапқы эндопротездеу мәселелері және тірек-қимыл аппаратының басқа да аурулары бойынша пациенттерге бейнеконсультация жүргізе бастады.
Медицина • 05 Желтоқсан, 2022
Кардиологтер енгізген технология
Қазақстанда алғаш рет Жүрек орталығының интервенциялық кардиологтері митральды қақпақшаға қысқыш салу бойынша бірегей операция жасады. Шеберлік сабағының барысында дәрігерлер митральды қақпақша жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеудің жаңа әдісін меңгерді. Бұл технология құрамында қысқыш бар катетерді феморальды вена арқылы аз инвазивті жолмен енгізуге, жабылмайтын жармаларды қосу арқылы клапанның ақауын жоюға және сол арқылы бүкіл дененің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2022
Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 142 мың азамат, оның ішінде 25 мыңға жуық жұмыссыз адам курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада жалпы 179,1 мың қазақстандық тіркелді, оның 165,7 мыңы 2022 жылы тіркелген.