
Білім • Кеше
Ғылымға шет тілін шегелеудің қажеті бар ма
Бүгінде өз саласын жақсы білсе де, ағылшын тілінен ақсап магистратура мен доктарантураға түсе алмай жүрген азаматар көп. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәселе көтерді. Оның айтуынша, ғылым жолына түскендердің бәріне шет тілін міндеттеудің өзектілігі жойылды. Енді депутат оқуға қабылдаудың балама нұсқасын табу керектігін айтып отыр. Бұған қоғамның пікірі қандай, мамандар не дейді? Egemen.kz тілшісі зерделеп көрді.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2025
Күту философиясы немесе Қайсар Әлімнің жаңа романы
Күту... Өміріміздің көп бөлігі күтумен өтеді. Таңның атқанын күтесің. Кофенің қайнағанын күтесің. Жаңбырдың тоқтағанын күтесің. Махаббатыңды күтесің. Балаңды мектептен күтесің. Жұмыс күнінің аяқталғанын күтесің. Бәрін-бәрін күтесің. Ал өлім жазасына кесілген адам бір-ақ нәрсені күтеді.
Әлем • 28 Сәуір, 2025
Ирандағы жарылыс қолдан жасалды ма
Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласында орналасқан Шахид Раджаи портындағы жойқын жарылыстан кейін ел билігі дүйсенбі күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Жарылыстың салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетіп, жараланғандар саны 1 241-ге артқаны белгілі болып отыр. Жергілікті ақпарат жүйесінде апаттың Иранмен қырғиқабақ Израильдің қолымен жасалғаны туралы хабар тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 28 Сәуір, 2025
Украина төңірегі туралы дау тағы да күн тәртібіне көтерілді. АҚШ президенті Дональд Трамптың Қырымға қатысты айтқан батыл пікірі жаһандық сарапшылардың назарын аударды. Трамптың айтуынша, Украина көшбасшысы Владимир Зеленский бейбіт келісім үшін Қырымды Ресейге беру мүмкіндігін қарастырып отырған көрінеді. Бұған дейін Киев тарапынан мұндай ұсыныстар үзілді-кесілді қабылданбағаны белгілі. Сонымен В. Зеленский «бастан құлақ садақа» деп халықтың бейбітшілігі үшін жерінен бас тартуы мүмкін бе әлде соғысты жалғастыра бермек пе? Осы мәселені әлемдік БАҚ жүйесі арқылы саралап, арнайы зерделеп көрдік.
Әлем • 25 Сәуір, 2025
Украина бейбітшілік үшін кей аумақтарынан бас тартуы мүмкін
Бұл туралы Киев қаласының әкімі Виталий Кличко BBC арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Сәуір, 2025
Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал ушығып тұр
Сейсенбі күні Пахалгам қаласында 26 турист қаза тауып, Үндістан бұл шабуылға Пәкістанды айыптады. Осы оқиғадан кейін қос мемлекет арасындағы жағдай күрт шиеленісіп, дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар тоқтатылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 24 Сәуір, 2025
Қытай мен АҚШ текетіресі зертханаларға қалай әсер етіп жатыр?
Соңғы жылдары әлемдік ғылым жүйесі бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл жолғы қиындықтың себебі табиғи апат немесе қаржылық дағдарыс емес, геосаяси тартыс пен сауда санкциялары. Әсіресе, Қытай мен АҚШ арасындағы кедендік баж салығының күшеюі – екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың мазмұнына елеулі өзгеріс енгізіп жатыр.
Әлем • 22 Сәуір, 2025
Христиан қауымының ұлық мейрамы – Пасхадан кейін, 21 сәуірде 89 жасқа қараған шағында Рим Папасы Франциск өмірден өтті. Демі үзілген дінбасының ақырғы аманаты қандай, жерлеу рәсімі қалай өткізіледі және келесі Папа қандай талаптарға сай тағайындалады? Католиктердің қалыптасқан дәстүрін зерделей отырып, осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Руханият • 21 Сәуір, 2025
Ғұмырының соңғы бел-белесінде Абайдың ішкі әлемінде үлкен рухани реставрация жүреді. Қоғамды түзетпек болған хәкім ендігі жерде өзімен айналысуды құп көреді. Осылайша әлемді жөнге салу адамның өзін жөнге салуынан басталатынын іс жүзінде сезінеді. Ақыры «тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма» деп, оның көзін ашуға барын салады.
Ғалам ғажаптары • 15 Сәуір, 2025
Жүрек ауруын 7 секундта анықтайтын қосымша
Медицина мен технологияның тоғысқан тұсында жаңа буынның батыл қадамы ерекше көзге түсіп келеді. АҚШ-тың Даллас қаласында тұратын Сиддарт Нандьяла есімді жасөспірім – соның айқын дәлелі. «The Global Indian» сайтының мәліметінше, жасы небәрі он төртте болса да, Нандьяла жүрек ауруларын ерте анықтайтын «Circadian AI» атты мобильді қосымша жасап шығарған.