Таным • 05 Маусым, 2024
Адриад арнасынан ат суарған Аттиладай, елімізден аттанған көркем өнер керуені исі итальян жұртшылығын тәнті етті. Әлем туындыгерлерінің ең танымал форумдарының бірі, тәуелсіз қазылар арқылы бағаланып, екі жылда бір рет өткізілетін халықаралық өнер көрмесі Венеция биенналесі деп аталады. Ондағы көпшілік назарына Қазақстан павильоны тұңғыш рет ұсынылды. Көрмеге Кәміл Моллашев, Ерболат Төлепбай, Сергей Маслов бастаған бейнелеу өнерінің беделді өкілдерінің бедерлі жұмыстары қойылды.
Қоғам • 04 Маусым, 2024
«...Қарттыққа қылар қайран жоқ. «Ағам» дейтін інілер көп болғанмен, «інім» дейтін ағалар азайып барады. Ең өкініштісі – осы. Университет алаңындағы Сейдімбековпен серуенімді қайтіп ұмытайын?». Әңгіменің әлқамын Тұрсын Жұртбай осылай бастады. Сәлем бере барған үш студент аға қаламгерді құлақ қақпай тыңдап отырмыз.
Абай • 30 Мамыр, 2024
Бұл не өзі? Мынау ән қайда тартып барады? Қара құрдым... Түпсіз терең тұңғиыққа түсіп барамын. Ол менің, мен оның ішінде. Кішкентай баланың қолындағы тиек секілдімін. Әлемет ән мені домбыраның ойығынан өткізіп, ішіне тастап жіберіпті. Ал екі шегі... Екі шегі фәни мен бақи арасындағы қақпаның екі босағасы екен. Ән шумақтары көңіл күмбезімде күңірене күңгірлеп тұр: «Жарқ етпес қара көңілім, не қылсада...»
Таным • 29 Мамыр, 2024
Дүниедегі ең ауыр жаза – мәнсіз машақат. Әрекетің әлекке айналып, әжетке жарамаса, әлемет әуре сол. Кеудеңнің құлазыған құба сұр қуысында жоғалған арман, тоналған аңсарыңды іздейсің. Таппаған соң, тағатыңды тауысқан баянсыз тірлікке тағы таңыласың. Ежелгі грек аңыздарындағы еңбегі еш, тұзы сор Сизифтің тасы секілді мына нәрсе.
Тағзым • 24 Мамыр, 2024
Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің шығармашылығына арналған «Бар байлығым – кітаптарым» атты дөңгелек үстел өтті. Шарапатты іс-шарада ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген Алаштың абыз ақсақалы өмір бойы жинаған кітап қорын салтанатты түрде кітапханаға табыстады. Белгілі публицист, әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов модераторлық еткен жиынға елімізге танымал ғалымдар мен ақын-жазушылар, сондай-ақ абыз ақсақалдың музыкалық мұрасын насихаттап жүрген өнер иелері қатысты.
Қоғам • 22 Мамыр, 2024
Ұлытау облысында «Кеңгір керімсалы» атты республикалық поэзия фестивалі өтті. Жас ақындардың қаламын ұштап, талабын арттыру мақсатында жасалған өлең мерекесі облыс құрылғалы бірінші рет ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанаты орталықтағы Абай ескерткішінің алдында өтті. Жиылған жұртшылық бас ақынның рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Фестивальға құрметті қонақ ретінде «Отан» орденінің иегері Жүрсін Ерман, жыршы, профессор Алмас Алматов, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып арнайы шақырылды.
Таным • 20 Мамыр, 2024
Оятқыш шырылдағанда «таң атып үлгерді ме?» деп төсектен тұрмай жатып күйзелетініміз не осы? Сізде де сондай сәт болатын шығар? Ондай кезде ойыңызға не түседі? Жұмысқа бару... Баланы балабақшаға апару... Яки ауылдан келе жатқан туысқаныңды вокзалдан күтіп алу... Мұның барлығы жанымызға жарық құюға тиіс сәулелі сәттер еді ғой? Олай болса неліктен көзімізді ашпай жатып көңіл күйіміз түседі?
Аймақтар • 14 Мамыр, 2024
Ұлытау облысында бір жарым жылдан бері «Ұлар» әдеби клубы жұмыс істеп келеді. Ұйым бірнеше республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері ақын Абай Ораздың жетекшілігімен құрылған. Мақсаты – өңірдегі өнерлі жастардың басын қосу, оларды халыққа насихаттау. Жаңа облыстың жандануына еңбек сіңіріп жүрген ұларлықтар бұл жолы ат басын елордаға бұрып, поэзия кешін өткізді.
Тағзым • 13 Мамыр, 2024
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының орталығында жазушы, этнограф Ақселеу Сейдімбектің ескерткіші орнатылды. Тұлғаны тұғырына қондыру жобасы халықтың ниетімен және мүдделі азаматтардың қолдауымен жүзеге асты. Іс-шараның ашылу салтанатына елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен ақын-жазушылар қатысты.
Қоғам • 09 Мамыр, 2024
Буалдыр елес біртүрлі сұраулы жүзбен қарап тұрады. Әлдене айтқысы келе ме, қалай? Үмітін ақтамаған перзентіне налыған әкедей көзінде күрсініс бар. Мен жақындай түсемін. Тұман сейіліп, тұлғасы тұнық көріне бастады. Иә, соның өзі екен. Қолында мылтық, үстінде шинель, ауыр жараланған сарбаздың бейнесі тұр алдымда. Санамда сансыз жаңғырық... Тәңірдің тылсым дәргейінен уақытша жерге ұшып, құран дәметіп, шапағатына тұтылған аруақ па екен бұл өзі? Есімі де, сойы да бір жолата желге ұшып, қан майданда ұмытылған солдат па екен бұл өзі? Мағауия Хамзиннің «Белгісіз солдат» күйі осындай ойға жетелейді.