Саясат • 09 Қаңтар, 2026
Трамп АҚШ-тың Мексикаға соққы жасауға дайын екенін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикадағы есірткі картельдеріне қарсы соққы жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты. Президент нақты жоспарларды ашып айтпады. Бірақ мәлімдеме қоғамда үлкен дүмпу тудырды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 70 адамды тұтқындады
2025 жылы Қазақстанның арнайы қызметтері ел аумағында әрекет еткен 20 қарулы қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл топтар кісі өлтірумен, бопсалаумен және есірткі бизнесімен айналысқан. Тергеу барысында ауыр қылмыстарға қатысы бар 70 адам ұсталды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Қаңтар, 2026
Польшадағы қайырымдылық концертінде Димаш Құдайбергеннің әні шырқалды
Польшада Димаш Құдайберген шығармашылығын насихаттайтын «DiVoices» атты топ бар. Олар қазақ әншісінің туындыларын төрт дауыста хормен шырқайды. Жақында олар Польшада қайырымдылық концертін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 09 Қаңтар, 2026
Күн бетінде ауқымды жарылыс болды
8 қаңтар күні Күн бетінде ірі жарылыс тіркелді. Бұл туралы Күн астрономиясы зертханасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
АҚШ-та полиция әйелді атып өлтірді
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полиция қызметкері 37 жастағы әйелді атып өлтірді. Марқұм Рене Николь Гуд есімді АҚШ азаматы, үш баланың анасы болып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 09 Қаңтар, 2026
Жапониядағы станцияға мысық бастық тағайындалды
Жапонияның Киси станциясында Wakayama Electric Railway компаниясы жаңа бастықты таныстырды. Бұл қызметке Ентама есімді мысық тағайындалды. Пырылдауық қызметкерді таныстыру рәсімі өте салтанатты түрде өтті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 09 Қаңтар, 2026
ТМД-да баламасы жоқ: Алматы тауларында ерекше құтқару кешені ашылды
Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында, теңіз деңгейінен 2 260 метр биіктікте Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әмбебап бөлімшесі жұмысын бастады. Нысанды министр, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов ашты. Министрліктің мәліметінше, бұл бөлімше ТМД елдерінде баламасы жоқ сипаттамаларға ие, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Бибігүл Жексенбай: Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіледі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай елордадағы Еңбек мобильділігі орталығы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сенатор орталықтың елдегі еңбек нарығын дамытудағы, азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Мемлекет тарапынан әрбір азаматтың өз әлеуетін толық іске асыруына, лайықты жұмыс табуына және тұрақты табысқа қол жеткізуіне қажетті жағдайлар жасалып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындары зейнетақы қаржысын шығарып алудың жаңа тәсілін тапты
2025 жылдың желтоқсанында елімізде емделуге арналған зейнетақы қаражатын алу күрт көбейді. Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, бір айдың ішінде радиохирургияға, соның ішінде гамма-пышақ пен киберпышақ арқылы қатерлі ісікті емдеуге бағытталған 7 154 өтінім орындалған. Жалпы төлем көлемі 5,6 млрд теңгеге жуықтады, деп жазады Egemen.kz.