Президент • 03 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 03 Наурыз, 2026
Ерлан Қарин Президенттің неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Абай облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Президенттің Егемендік және Тәуелсіздік сөздерін неліктен бас әріппен жазатынына тоқталды, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 03 Наурыз, 2026
Жеті жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Соңғы жеті жылда Қазақстанда ауқымды реформалар жүзеге асып, экономиканың құрылымы мен өсім сапасы айтарлықтай өзгерді. Үкімет дерегіне сәйкес, жаһандық тұрақсыздық жағдайында ел ұзақмерзімді орнықтылықты нығайтуға бағытталған жүйелі саясатты ұстанып келеді. Премьер-министр Олжас Бектенов «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында көптеген сын-қатерге жауап ретінде ең алдымен мемлекеттің ұзақмерзімді орнықтылығын күшейтуге басымдық берілгенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 03 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция – болашақтың стратегиялық таңдауы
Премьер-министр Олжас Бектенов ел газетіне жариялаған «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында жаңа Ата заңның мәніне тоқталды. Оның айтуынша, жоба Мемлекет басшысының бастамасымен өткен ашық талқылаулар нәтижесінде дайындалған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Наурыз, 2026
Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда
Таяу Шығыстағы ахуал күрт шиеленісті. АҚШ президенті Иранға қарсы әскери операцияның күшейе түсетінін мәлімдеп, өңірдегі жағдайдың күтпеген бағытта өрбігенін айтты. Оның сөзінше, ең үлкен тосын жайт – Иранның араб елдеріне жасаған шабуылдары, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 02 Наурыз, 2026
Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған отандастарымызға қаржылай көмек көрсетеді
Таяу Шығыс аймағындағы әскери-саяси жағдай күрт шиеленісіп, бірқатар елдерде әуе кеңістігі уақытша жабылды, рейстер кейінге шегерілді немесе тоқтатылды. Соның салдарынан халықаралық бағыттарда сапарлаған жолаушылар, оның ішінде қазақстандық азаматтар да шетел әуежайларында кідіріп қалды. Кейбірі демалыс елдерінен қайта алмай отырса, енді бірі транзиттік аймақта ұзақ уақытқа тоқтауға мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 02 Наурыз, 2026
Иран Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
Таяу Шығыстағы жағдай барған сайын шиеленісіп барады. Иран тарапы Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта саясаткердің тағдыры белгісіз. Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі Ислам революциясы сақшылар корпусының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Төтенше жағдай • 02 Наурыз, 2026
Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған балаларды шығарып алды
Астанада Сарыарқа ауданындағы Шәймерден Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтіде балалар қамалып қалды. Оқиға туралы хабарлама түскен соң, құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
Өскемендегі университетте жаңа Конституция және референдумды қолдау мәселесі талқыланды
Өскеменде Жаңа Конституция жобасына арналған қоғамдық кездесу өтті. Зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен жастар алдағы республикалық референдумға шығарылған құжатты талқылап, өз ұстанымдарын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 02 Наурыз, 2026
Трамп Иранға қарсы операция мерзімін атады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция қажет болған жағдайда төрт-бес аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол New York Times басылымына берген сұхбатында айтты. Ақ үй басшысының сөзінше, АҚШ пен Израиль қазіргі шабуыл қарқынын осы мерзім бойы сақтай алады, деп жазады Egemen.kz.