Таным • 11 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: «Joshy Ulysy» монетасы
Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен «Joshy Ulysy. 800 jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
Өндіріс • 11 Қыркүйек, 2024
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ERG (Eurasian Resources Group) компаниясы Павлодарда ғылыми-инновациялық хакатон өткізді. Жиынға ғылыми институттардың, ірі жоғары оқу орындарының, «Қазақстан алюминий» АҚ жетекші ғалымдары қатысты.
Мектеп • 10 Қыркүйек, 2024
Жаңа оқу жылы Астана қаласында «Qazbilim» ұлттық лицейінің есігі оқушыларға айқара ашылды. Салтанатты кешке қоғам қайраткерлері, сондай-ақ білім саласының өкілдері қатысты.
Білім • 10 Қыркүйек, 2024
Оқыту платформалары ой-өрісті кеңейтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында білім саласындағы цифрландыру жұмыстарына айрықша назар аударды. Президент: «Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі» деп атап көрсетті.
Таным • 10 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Таланттан талапты озар
1965 жылы мажар ұлтының өкілі Ласло Полгар ерекше тәжірибе жасайды. «Адам дарынды болып тумайды, тәрбие мен жаттығулар көмегімен қалыптасады» деген ұстанымды берік ұстанған ол, тіпті өзінің отбасын сынақ алаңына айналдырған.
Digital • 06 Қыркүйек, 2024
Орнықты дамуды көздейтін жобалар
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ БҰҰ ЭСКАТО-ның Цифрлы инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты конференциясы аясында өткізілген «Kazakhstan Tech Solution Day» іс-шарасында бірқатар тың жобалар таныстырылды.
Білім • 06 Қыркүйек, 2024
Еуропалық білім беруді аккредиттеу желісінің (ENAEE) уәкілетті ұйымдары арасында Қазақстан агенттігі үздік деп танылып, жоғары марапатқа ие болды.
Технология • 06 Қыркүйек, 2024
Елімізде енді ұялы байланыс қызметтеріне қосылу және интернетке қол жеткізу үшін «Face ID» талап етіледі. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі «Ашық НҚА» порталында мәлімдеді.
«Таза Қазақстан» • 29 Тамыз, 2024
«Таза Қазақстан» сервисі енді «eGov mobile» қосымшасында қолжетімді. Функция әрбір азаматқа смартфонның көмегімен өз қалаларын абаттандыру және экология мәселелері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Таным • 29 Тамыз, 2024
Cіз білесіз бе? Хан Жәңгірдің мектебі
Қазақ даласындағы тұңғыш білім ошағы 1841 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің бастамасымен ашылды.