Қайырбек АРЫСТАНБЕКОВ
Қайырбек АРЫСТАНБЕКОВЭкономикалық саясат институтының директоры
4 материал табылды

Сараптама • 29 Тамыз, 2024

Тапшылық һәм табыс

Күз – өзгерістер маусымы. Тамыз біте салысымен экономикамызда да тың бастамалар пайда болады деп үміттенетініміз белгілі. Өйткені шешімін күтіп тұрған түйткілдер баршылық. Соның алғашқысы әрі маңыздысы – мемлекеттік бюджеттің жайы.

Пікір • 20 Маусым, 2024

Макроэкономикалық көрсеткіш неге төмен?

Созылмалы сырқат секілді бір құ­былыс бар, ол – макро­эконо­ми­калық көрсеткіштердің (ішкі жалпы өнім, халықтың табысы, тұтынуы) бір кезең­де көп бағытта қоз­ғалуы. На­рық­­­тық экономикасы орнықты елдерде бұл көрсеткіштер бір бағытта дамиды. Егер ІЖӨ өссе, бұл көрсеткіш біршама реттеледі. ІЖӨ төмендесе, онда көр­сет­кіш­тердің мәні де төмендейді.

Пікір • 15 Мамыр, 2024

Блинкен сапарының салмағы

Сәуір айының соңында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайға сапармен барды. ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен 3 сағат, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен 35 минут сөйлесті. Мемлекеттік хатшы сауданы бұрмалайтын және АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін Бейжіңнің нарықтық емес экономикалық саясаты мен тәжірибесіне тоқталды.

Пікір • 26 Сәуір, 2024

Қуатты экономика қағидасы

Ұлттық қуат пен ұлттық күштің астарында тығыз байланыс бар. Қуатты және аса қуатты елдер өз күшіне сеніп, әлсіз елдерге қарсы әскери, экономикалық және ақпараттық ықпал жасайды. Қуатты мемлекеттердің тағы бір синонимі – держава. Державаларда келесі ұрпақ алдында аса жауапты, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу, осы жолда мойнына алған міндеттерді тиянақты орындау қабілеті болады. Басқаша айтқанда, әлемде держава мәртебесін иеленген мемлекеттерде басқа елдердің қолынан іс-қимылдарды жасау қабілеті бар.