Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
92 материал табылды

Әдебиет • 14 Қараша, 2023

Есениннің қазақша кітабы

Сергей Есе­нин­нің қа­зақ тіліне тәр­жімаланған өлең­­дері енген «Өмір­­қос» кі­та­бы Ре­сей­­дегі Есе­нин мә­дени ор­талығына қо­йыл­ды. Жыр жи­­­нағы – екі ел ара­­сын­дағы әдеби бай­ла­ныс­тың одан әрі нығая түс­ке­нінің дәлелі.

Аймақтар • 14 Қараша, 2023

Қос кәсіпорынға қауіп төніп тұр

Павлодардың шенеуніктері Ертіс өзенінің айрықша қорғалатын аймағында мектеп салуға құмартып отыр. Құрылыс жүргізілсе, сонау 1911 жылдан бері кідіріссіз жұмыс істеп тұрған жергілікті кеме жөндеу зауытын өзге жерге көшіруге тура келеді. Алайда бизнес иелері аумақта бірегей зауытқа арналған өзге су қоймасы жоқ екенін алға тартады. Оның үстіне кәсіпорынның инфрақұрылымы өте күрделі.

Мәселе • 09 Қараша, 2023

Жылқы неден қырылды?

Павлодар облысында қос ауылдың 50-ден астам жылқысы қырылып қалды. Үйірде жүрген жануарлар қарабидай егістігінде оттыққан. Ветеринарлар малдың әбден тойынып немесе шөптен уланып өлуі мүмкін деген болжам жасап отыр.

Аймақтар • 07 Қараша, 2023

Жаңашылдыққа бет бұрған мәслихат

Павлодар облысында мәслихаттар депутаттары азаматтармен жұмыс істеудің жаңа бағыттарына көше бастады. Бұдан былай халық қалаулылары мемлекеттік органдарға сауал жіберу, шенеуніктерден белгілі бір шешімдерді талап ету, жұртшылықтың шағымын талдау бойынша оңтайлы әдіс-тәсілдерге үйретілмек.

Мектеп • 06 Қараша, 2023

Алыстағы ауылдың қуанышы

Облыстың ауылдық жерлеріндегі ескі мектептердің мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Биыл бірнеше елді мекенде жаңадан білім беру ұйымдары салынып, соның бірі жуықта алыстағы Қаражар ауылында ашылды.

Өнер • 06 Қараша, 2023

Керекуді ән кернеді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ербол Айтбаевтың шығар­машылығына арналған «Жайқоңыр» атты концерт-фестиваль дәстүрлі ән өнерінің серкелерін Керекуге жинады.

Театр • 06 Қараша, 2023

Мәскеу мойындаған «Ұждан»

Қазақ театрының рухы мен күш-қуаты шетел асып, өзге елдің көрерменін тәнті етуі сирек­ оқиға. Сонау 1936 жылы алғаш рет қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Жұмат Шанин бастаған өнер серкелері Мәскеуді дүр сілкіндіріп, әлемдік деңгейде мәдениетімізді паш етті. Бұл мәдени байланыс тәуелсіздіктен бері қайта жаңғырып, қазақ театрының көр­кем­­дігін орманды орыс елінің көрермендері мойындай бастағаны байқалады.

Аймақтар • 02 Қараша, 2023

Павлодар облысы: Қордағы газ – 1200 тонна

Ертіс-Баян өңірінде көлік газының 1200 тонна қоры бар. Жергілікті мұнай өңдеу зауыты қазіргі күні кідіріссіз жұмыс істеп, айына 25 мың тоннадай сұйытылған газ өндіріп отыр.

Аймақтар • 02 Қараша, 2023

Шәкен Аймановтың бюсті ашылды

Қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың 110 жыл­­дығына орай баян­ауыл­дық­тар төл пер­зентінің есімін ұлықтау шараларын бастап кетті. Жуықта әйгілі жер­лесіміздің атындағы мек­­теп-интернатта бюст ашыл­ды.

Білім • 19 Қазан, 2023

Оқушы тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

Оқу-ағарту министрінің арнайы бұйрығымен былтыр орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің және баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары бекітілгені мәлім. Сөйте тұра мектеп партасында отыр­ған оқушылар арасында әлімжеттік оқиғалары ­азаяр емес.