Қуат ҚИЫҚБАЙ
Қуат ҚИЫҚБАЙ«Egemen Qazaqstan»
16 материал табылды

Өнер • 28 Қаңтар, 2025

Қарындаш қалжыңы

Сурет әлеміндегі кейіпкердің жан дүниесінен хабар беріп, айшықты образ ретінде көрерменнің көңіл пернесін дөп басатын дүние карикатура болса керек. Бастауын көне заманнан алатын карикатураны кейіпкерін келемеждеу мен кемсіту деп түсінбеген абзал. Автор өз кейіпкерін таңдауда тынбай еңбектеніп, мінез-құлқын, бітім-болмысын танытуға зер салса, онда шығарманың көптің көңілінен шығатыны сөзсіз.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025

Төтенше жағдайға тастүйін дайындық

Облыс әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Келелі кеңесте азаматтық қорғаудың аумақтық күштері мен құралдарының көктемгі ықтимал су тасқынының алдын алу дайындығы, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты эвакуациялау мәселелері қаралды. Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, су тасқынының алдын алу шаралары, қираған нысандарды қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстары талқыланды.

Тұлға • 19 Желтоқсан, 2024

Ақберен жырдың иесі

Өлең елегезек жанр екені белгілі. Содан соң да сахара даласында самсаған жұлдыздай жарық ақындары да жетерлік. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары әдебиетке келген Айбек Сапышев Семей мен Абай еліне газет-журналдарда жария көрген өлең-жырлары арқылы танылды.

Өндіріс • 24 Қазан, 2024

Ақтоғайдағы алпауыт кәсіпорын

«КAZ Minerals Limited» компаниясы заманауи әрі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытып отыр. Компания Абай облысының Ақтоғай мыс кенішінде, Орлов кеніші мен фабрикасында, Павлодар облысындағы Бозшакөл кенішінде, Шығыс Қазақстан облысындағы екі кеніш пен кен байыту фабрикасында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде мыс өндірудің әлеуетін арттырып келеді.

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2024

Тағдыр тәпсірлері

Өткен ғасырдың 70-жылдары жазушы Тұрсын Жұртбай «Замандасым, сырласым», «Қоңыр қаз», «Жүрегімде жұмыр жер» атты оқшау дүниелерін оқырманның таным таразысына тартып, әдеби әлемге аяқ басты. Ең алғаш қаламынан туған дүниелерінен-ақ айқын қолтаңбасы, бөлек соқпағы танылды. Жазушы өзін көркем дүниемен ерте «қоштастым» деп өкініш білдіретіні рас. Алайда оның осынау шығармалары көлемімен де, көркемдігімен де көсіліп жазғандардан көш ілгері екенін ойлы оқырманның бағамдары күмәнсіз.

Абай • 10 Тамыз, 2024

Ерекше есім-сой иесі

Ел ішінде Абылай мен Абай, Шәкәрім мен Мұхтар, Кенесары мен Қасым деген есім-сой кең таралған. Ал танымал тұлғаның есімі мен тегі де қатар аталатын жандар сирек, алайда бар. Солардың бірі – Абай Құнанбаев.