Қуат ҚИЫҚБАЙ
Қуат ҚИЫҚБАЙ«Egemen Qazaqstan»
59 материал табылды

Мектеп • 13 Тамыз, 2024

11 білім ордасы салынады

Абай облысында «Жайлы мектеп» қанатқақты ұлттық жобасы аясында 5700 оқушыға арналған 11 мектеп салу жоспарланған. Осы жоба шеңберінде былтыр 5 мектептің құрылысы басталса, биыл 6 білім ордасының қабырғасы қаланып жатыр.

Руханият • 12 Тамыз, 2024

Қазақ ақыны және америкалық қаламгер

Абай – Алаш баласының ары мен абыройы, ұлттың ұяты мен ұстыны. Ол жайында әр дерек құнды, өзі ғұмыр кешкен сайын дала төсіндегі тауы мен тасы да қастерлі. Бізге жеткен 176 жыры қасиетті, 3 поэмасының да мазмұны терең, 45 қара сөзінің мағынасы бай. Хакім хақындағы естелік пен ел аузында айтылып, санаулы жанның санасында сақталып, жұрт жадында жатталған «Абай айтыпты» дейтін әр екі жол сөз де аяулы. Ол сол үшін де асқақ, сонысымен де қадірлі.

Құқық • 09 Тамыз, 2024

Қитұрқысы көп киберқылмыспен күрес

Кейінгі кездері интернеттегі алаяқтар тудырған келең­сіз­діктерге байланысты әлдебір бөтен телефон нөмірінен қоңырау түсе қалса, күдіктене қарайтынымыз рас. Ол адам сен үшін жақын адамың болуы да мүмкін екенін, сондай-ақ «алло» деген бір ауыз сөзің арқылы қалтаң қағылатынын да ойлайсың. Қалай дегенде де, айла артылмайтын әккі алаяқтардың айла-шарғысына тоқтау болмай тұр.

Әскер • 09 Тамыз, 2024

Отан қорғаушылар жиыны

Тәуелсіз елдің тірегі әрі айбары – Отан қорғаушылардың кәсіби шеберлігі қашанда маңызды. Биылғы жылы әр салада еңбектеніп жүрген Отан қорғаушыларды қайта даярлаудан өткізу үшін елімізде кең көлемде әскери міндеттілердің жиындары өтіп жатыр. Қайта даярлаудан еліміз бо­йынша барлығы үш мыңнан астам әскери міндетті өтеді. Жақында ғана оның мың жарымға жуығы Абай гарнизонына қарасты «Шығыс» полигонында сап түзеді.

Бизнес • 09 Тамыз, 2024

Асүйден кәсіпорынға дейін

Елімізде шағын бизнес өкілдерін қолдау мақсатында үлкен жобалардың жүзеге асып жатқаны белгілі. Кәсіпке икемі бар жастардың әртүрлі саланы игеріп, алға ұм­тылғаны көңілге сенім ұялатады.

Жәдігер • 08 Тамыз, 2024

Бассүйектің сыры

Абай облысы аумағында мыңжылдықтар тарихын тоғыстырып тұрған тарихи мекендер жетерлік. Осы жерлерден табылған көне жәдігерлер ерекше назар аудартады. Сондай елеулі экспонаттың бірі – Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған бассүйек.

Экология • 03 Тамыз, 2024

Жастардың белсенді қимылы

«Таза Қазақстан» респуб­ли­калық экологиялық акциясы аясында Абай ауданының орталығы Қарауыл ау­лын­дағы Абай саябағында сенбілік өтті. Аудан орта­лы­ғында ұйым­дас­тырылған іс-шараға мемлекеттік қыз­мет­кер­лер­ден бас­тап, мәдениет және өнер мекемелерінің мамандары, ауылдың белсенді жастарынан құралған 150-ден аса ауыл тұрғыны қамтылды.

Тарих • 03 Тамыз, 2024

Тарихы терең мешіт

Қазақ мәдениеті мен руханиятында ерекше орын алатын тарихи тұлғалар аз емес. Ел есінде сақталған Тінібай Кәукенұлы көпшілікке Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы және абайтануға қатысты еңбектері арқылы жақсы таныс. Бүгінде Семей қаласында көне мешіттер мен ғимараттар жетерлік, солардың бірі – Тінібай мешіті.

Саясат • 30 Шілде, 2024

Медицина мекемесіндегі зәрулік

Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова Семей қаласындағы медициналық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлер қауымымен кездесті. Мекеменің өзекті мәселелері мен мұқтажын талқылау – кездесудің басты мақсаты болды. Мұнда ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі – кезек күттірмейтін мәселе.

Ең қысқа әңгіме • 26 Шілде, 2024

Сыңғырлаған тастар сыры

Бойына небір құпия жа­сырған қазақ дала­сының сыры күндер алға көшкен сайын ел тұр­ғын­дарын ғана емес, барша әлем­ді таң­ғалдырып, айдай әлемді аузына қаратып келе жат­­қаны аян. Ғы­­лым мен техника дәуір­­леген сайын олар­ға мойын бұрып қара­ма­сыңа, ден қойып зер сал­ма­сыңа бол­май­тынын бағам­дайсың.