Білім • 27 Сәуір, 2026
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Қазақстанда биылдан бастап университеттердің ұлттық рейтингі жарияланады. Тізімге ілінбеген және талаптарға сай емес жоғары оқу орындары мемлекеттік қаржыландырудан толық қағылады. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша заңсыз грант алғандар мен бюджет қаржысын негізсіз жұмсағандардың есімдерін ашық жариялауды талап етті. Депутаттың есебінше, бағдарламадағы заңсыздықтардан келген шығын 10 миллиард теңгеге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында ауқымды тексеріс жүргізілді. Қаланың ең ірі көтерме базары саналатын «Барыс-4» нысанындағы мониторинг барысында бағаны негізсіз құбылтып келген 9 делдал анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Сәуір, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
27 сәуірде еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Астана іргесінде дәстүрлі жаппай велошеру өтіп, жазғы веломаусым ресми түрде ашылды. Биылғы шара тек спорттық жарыс қана емес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптейтін маңызды бастамаға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Алматы облысындағы Көлсай көлдерінің маңында туристерді тасымалдайтын микроавтобус тау беткейінен төмен қарай құлап, аударылып қалған. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің таудың тік беткейімен екпіндей құлдилап бара жатқаны анық көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Алматыда қолына газ кілтін ұстап қан-жоса болып сұлулық салонына кірген ер адам қызметкерлерді шошытты. Ол әкімшілікке сес көрсетіп, жуынып алмақ болған. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Соғыс басталғалы бері алғаш рет украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресейдің Свердлов және Челябинск облыстарына дейін жетті. Шабуыл кезінде дрондар 1700-1800 шақырымнан астам қашықтықты ұшып өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 25 Сәуір, 2026
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 сериясындағы халықаралық турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2026
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ерекше шара өтті. «Астана Тазалық» ЖШС, қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұжымдары бірлесіп ағаш отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz.