Taza.kz
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
4690 материал табылды

Оқиға • 18 Сәуір, 2026

Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды

Астанада азаматтардың сеніміне кіріп, ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырған ол 17 адамды алдап, 7,4 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 18 Сәуір, 2026

Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында үшінші ұлттық бітімгерлік контингенттің дайындық барысын пысықтады. Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясын орындауға сақадай сай, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 18 Сәуір, 2026

Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды

Түркияның Измир қаласында білім ошағына қарулы шабуыл жасамақ болған сегіз адамнан тұратын топ қолға түсті. Күдіктілердің басым бөлігі мектеп жасындағы жасөспірімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң мен Тәртіп • 18 Сәуір, 2026

Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды

Кеше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынның басты тақырыбы – киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігі мен бұл бағыттағы проактивті жұмыс нәтижелері болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 18 Сәуір, 2026

Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?

Ұлттық кітап күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде «Weekend. Book. Vibes» атты ауқымды іс-шаралар легі бастау алды. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болған бұл бастама кітап оқуды насихаттауға, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың әдебиетке деген ықыласын оятуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 18 Сәуір, 2026

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында екі мотоциклдің қатысуымен болған апат екі адамның өмірін қиды. Тағы бір адам жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң мен Тәртіп • 18 Сәуір, 2026

SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады

Елімізде қылмыспен күрестің заманауи тетіктері жаңа деңгейге көтерілді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құрылымында қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Энергетика • 18 Сәуір, 2026

2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады

Қазақстанда 2050 жылға қарай кемінде үш атом электр станциясын іске қосу жоспарланған. Бұл көрсеткіш еліміздің атом саласын дамытудың жаңа стратегиясында айқындалған. Мамандардың болжамынша, электр энергиясын тұтыну деңгейінің артуына байланысты болашақта төртінші станцияны салу жобасы да іске асырылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 18 Сәуір, 2026

АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресей мұнайы мен мұнай өнімдеріне қатысты операцияларға салынған шектеулерді жеңілдету мерзімін 16 мамырға дейін созды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы • 18 Сәуір, 2026

Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның шығысы мен орталығында тұман түсіп, үсік жүруі және көктайғақ болуы ықтимал. Ал Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында секундына 30 метрден асатын екпінді дауыл тұрады деп болжанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика