Тұлға • 25 Қазан, 2025
Қаламгер қазынасы – мұрағат төрінде
Республика күні қарсаңында «Қазақ газеттері» серіктестігінің «Egemen Qazaqstan» ұжымы әдебиетіміздің көрнекті өкілі, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жеке қолжазбалары мен құнды құжаттарын Ұлттық архивке ресми түрде табыс етті.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Өнер саласындағы ауқымды өзгеріс
Мәдениет және ақпарат министрлігі кейінгі бес жылда мәдениет пен өнер саласында ауқымды өзгерістер жүргізді. Аты аңызға айналған ұжымдар қайта жаңғырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы мәдени беделі артты.
Кино • 23 Қазан, 2025
Кеше Астана қаласындағы «Kinopark 7 IMAX Keruen» кинотеатрында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бірлесіп түсірген «Капитан Байтасов» атты көркем фильмнің тұсаукесері өтті.
Әдебиет • 22 Қазан, 2025
Қазақ туралы тәжік қаламгерлері не жазды?
Тәжікстанның әдебиеттану ғылымында Атахон Сайфуллаевтың есімі көпшілікке жақсы таныс. 1933 жылы Худжанд өңірінде туып, 2017 жылы дүниеден озған қаламгер қазақ әдебиеті һәм жазушылары туралы бірнеше еңбек жазған. Сол еңбектерінің ішінде 1956 және 1963 жылдары жарық көрген екі мақаласы көзімізге оттай басылды.
Тағзым • 21 Қазан, 2025
Қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Кеше Астана қаласында қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Әкім Тарази тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта қойылды. Сондай-ақ Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Әкім Тарази атындағы мәжіліс залы ашылды.
Жасанды интеллект • 18 Қазан, 2025
Жасанды интеллект, әдебиет және біз...
Адамзат баласы жаралғалы бері өмір де, сол өмірдің өзін ақ қағазға кестелеуі тиіс сөз өнері де бір орында іркіліп, бірер сәтке де дамылдаған емес. Әдебиет арқырап аққан өзен сынды замана туғызған танымды өз иіріміне тартып, тың көзқарас пен жаңа түсініктер туғызып, көлденең кедергіні бұзып-жарып жөңкіліп келеді. Бұл ағынды жасанды интеллект бөгемей ме?
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Студенттік сот процесі байқауының жеңімпазы анықталды
Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Сотында жыл сайынғы «AIFC Court Moot» студенттік сот процесі байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 03 Қазан, 2025
«Шарқи сурх» журналындағы жазба немесе Әуезовтің тәжік қаламгері Икрамиға тигізген шапағаты хақында
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырып жатқан «ТМД архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты жоба аясында Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласына барған едік. Сол сапарда қоржынымызға қазақтың классик қаламгері Мұхтар Әуезов пен Тәжікстанның халық жазушысы Жалол Икрами арасындағы рухани достықтың дәнекері боларлық деректер түсті.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025
Кеше Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Игорь Роговтің төрағалығымен өткен іс-шарада азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар өзекті мәселе қаралды.
Білім • 18 Қыркүйек, 2025
Ақтөбе облысындағы ауыл балалары жекеменшік мектепте тегін білім алады
Ақтөбеде бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Aqbobek International School» қысқа уақыт ішінде қаладағы алдыңғы қатарлы мектептердің біріне айналды. Мұнда заманауи білім беру технологиялары қолданылады: бастауыш сыныптарда сингапурлық бағдарлама енгізілсе, жоғары сыныптарда жобалық тәсіл пайдаланылады. Ең бастысы – оқу ордасында оқушылар үшін сенім мен дамуға қолайлы орта қалыптасқан.