Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Футбол • 04 Желтоқсан, 2022

Әлем чемпионаты: Дерек пен дәйек

Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында күн сайын жаңа рекордтар тіркеліп, жанкүйерлер қызықты статистикалардың куәсі болып жатыр. Мәселен, Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатындағы матчтар және голдар саны бойынша даңқты отандасы Диего Марадонадан басып озса, Криштиану Роналду қатарынан бес біріншілікте гол соққан тұңғыш футболшы атанды. Ал Аустралия құрамасы 16 жылдан кейін алғаш рет турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды. Назарларыңызға осы және басқа да қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

Футбол • 04 Желтоқсан, 2022

«Неміс мәшинесі» жолда қалды

Қатардағы доп додасының топтық кезеңіндегі ойындар өз мәресіне жетіп, турнирдің плей-офф бәсекесіндегі матчтар басталды. Топтық кезеңнің соңғы турында Германия Коста-Риканы (4:2), Уругвай Гананы (2:0), Камерун Бразилияны (1:0) жеңгенімен, жаһандық доданың плей-офф кезеңіне шыға алмады. Ал Жапониядан жеңілген Испания (2:1), Кореядан ұтылған Португалия (2:1) жеңген құрамалармен бірге еш кедергісіз 1/8 финал сатысына жолдама алды. Плей-оффта Нидерланд АҚШ құрамасын, Аргентина Аустралияны сүріндіріп, ширек финалға шықты.

Теннис • 02 Желтоқсан, 2022

Жас теннисшілермен кездесу

Теннистен Қазақстан қыздар құра­масының көшбасшысы Елена Рыба­кина Алматыға келіп, жас теннис­шілермен кездесу өткізді.

Спорт • 02 Желтоқсан, 2022

Италиялық легионермен толықты

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Александр Винокуров жетекшілік ететін Astana Qazaqstan Team велокомандасы құрамын тағы бір шетелдік легионермен толықтырды.

Спорт • 01 Желтоқсан, 2022

Тағы төрт құрама анықталды

Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чем­пио­натының кезекті күнінде жанкүйерлер топтық кезеңнің тағы төрт матчын тамашалады. Сәрсенбі күні D тобындағы Тунис – Франция, Аустралия – Дания құрамалары жасыл алаңда кездессе, C тобының төрттігі – Польша – Аргентина, Сауд Арабиясы – Мек­сика плей-оффтың жолдамасын сарапқа салды.

Спорт • 01 Желтоқсан, 2022

Қыздар да Ұлттар лигасында ойнайды

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) атқарушы коми­теті қыздар арасында Ұлттар лигасы турнирі ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Спорт • 01 Желтоқсан, 2022

Алтын жүлде үшін бақ сынайды

Кеше Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының жалауы желбіреді.

Теннис • 01 Желтоқсан, 2022

Эйс жасаудың шебері

Теннистен әйелдер арасындағы Қазақ­стан ұлттық құрамасының көшбас­шысы Елена Рыбакина биыл WTA санатындағы жарыстарда 57 матч өткізіп, 370 эйс жасаған. Отанда­сы­мыз осы нәтижемен үздіктер санатын­да екінші орыннан көрінді.

Спорт • 30 Қараша, 2022

Мессидің халі «мүшкіл»

Аргентина ұлттық құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Мессидің Мексика футболшыларымен жейде ауыстырамын деп басы дауға қалды.

Футбол • 30 Қараша, 2022

Үздіктер іріктеле бастады

Сейсенбі күні Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпио­натының топтық кезеңіндегі соңғы тур ойындарына старт берілді. А тобының шешуші бәсекесінде Нидерланд – Қатар, Эквадор – Сенегал құрамалары сынға түссе, В тобындағы 3-турда Уэльс – Англия, Иран – АҚШ футболшылары плей-офф бәсекесінің екі жолдамасын сарапқа салды.