Аргентина ұлттық құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Мессидің Мексика футболшыларымен жейде ауыстырамын деп басы дауға қалды.

Әлем чемпионатының екінші тур ойындары аясында Аргентина мен Мексика құрамалары кездесіп, матчтан кейін футболшылар әдеттегідей бір-бірімен жейде алмасқан болатын. Кездесуден кейін әлеуметтік желіде Аргентина құрамасының киім ауыстыру бөлмесіндегі Мессидің Мексика жейдесін аяғымен басып тұрған фотосуреті тарап кетті. Алғашында бұған ешкім назар аудармаған еді. Кейіннен кәсіпқой бокстағы Мексиканың мақтанышы Сауль «Канело» Альварес соны байқап қойып, Мессиге әлеуметтік желіде қоқан-лоқы көрсетті.
«Мессидің аяғының астында біздің елдің туы бейнеленген жейдені көрдіңіздер ме? Құдайдан оны менімен жолықтырмауын тілеймін! Мен Аргентинаны қалай сыйласам, олар да Мексиканы солай құрметтеуге тиіс. Мен Аргентина туралы емес, тек Месси турасында айтып отырмын», деп жазды Альварес твиттер парақшасында. Әзірге бұл дауға қатысты Месси ешқандай пікір білдірген жоқ, бірақ Лионельмен бір алаңда ойнаған футболшылар оны қорғап, әдейі істемегенін жазып жатыр.
Мбаппе – Өзбекстан «қаһарманы»
Франция мен Дания құрамаларының арасындағы матчта Килиан Мбаппе мергендік танытып, соққан голын Франциядан келген жанкүйерлердің алдына барып тойлады. Матчтан кейін сол сәт түсірілген фотосуретті Мбаппе өзінің Instagram парақшасына жүктеп, әп-сәтте Өзбекстанның қаһарманына айналып шыға келді.
Сөйтсек, Қатарға Өзбекстаннан барған жанкүйер стадионның трибунасына Өзбекстанның туын іліп қойған екен. Ала тақиялы ағайындардың қуанышына орай, Килиан да дәл сол Өзбекстанның туы ілінген жерге барып голын тойлай қалған екен. Мбаппені әлеуметтік желіге Өзбекстан туы бар суретті салғаны үшін оған өзбек халқы ризашылығын білдіріп, өз еліне қонаққа шақырып жатыр. Төрт күн бұрын салынған сурет бүгінге дейін төрт миллионға жуық лүпіл жинап, 75 мыңға жуық жанкүйер пікір жазған. Оның басым көпшілігі өзбекстандық футбол жанкүйерлері екені айтпаса да түсінікті.
«Әке көрген доп тебеді»
Биылғы әлем чемпионатында кезінде футбол әлемінде жасындай жарқылдаған даңқты футболшылардың ұлдары бой көрсете бастады. Мәселен, 1995 жылғы «Алтын доптың» иегері, қазіргі Либерия мемлекетінің президенті Джорджа Веаның ұлы Тимоти Веа АҚШ құрамасы сапында, даниялық футболшы Петер Шмейхельдің ұлы Каспер Шмейхель, 1998 жылы Франциямен бірге әлем чемпионы атанған Лилиан Тюрамның ұлы Маркус Тюрам, нидерландтық Данни Блиндтің ұлы Дейли Блинд Қатардағы әлемдік додада доп теуіп жүр.
Осындай әкеге қарап өскен ұлдардың қатарында ирандық Амир Абедзаде мен америкалық Джованни Рейна да бар. Бір қызығы, бұлардың әкелері Ахмад Реза Абедзаде мен Клаудио Рейна 1998 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде бір-біріне қарсы жасыл алаңда ойнаған екен. Кешегі Иран мен АҚШ арасындағы матчта сол тарих қайталануы мүмкін еді. Өкінішке қарай, ол кездесуде Амир де, Джованни де қосалқы құрамда қалып қойып, 24 жыл бұрынғы әкелерінің «жетістігін» қайталай алмады.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 20:17
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Ұқсас жаңалықтар