
Спорт • 10 Тамыз, 2021
Елорданың «Барыс» хоккей клубы «Мичурин» базасындағы бірінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Қыркүйекте басталатын Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы алдында астаналық команда дәстүрлі «Президент кубогы» жарысында бақ сынайды.
Спорт • 28 Маусым, 2021
Ширек финал бәсекелері басталды
Кәрі құрлықтың 11 елінде өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матчтар басталды. 1/8 финал кездесулерінің шымылдығын А тобында екінші орын алған Уэльс пен В тобында дәл сондай нәтиже көрсеткен Дания және А тобының үздігі Италия мен С тобында екінші орынға табан тіреген Аустрия құрамалары ашып берді.
Спорт • 13 Маусым, 2021
Доп додасы тосын оқиғалармен басталды
Жұмадан сенбіге қараған түні Италия астанасы – Римде футболдан 16-шы Еуропа чемпионатының шымылдығы түрілді. Кәрі құрлық біріншілігі «ә» дегеннен күтпеген оқиғалармен басталды. Чемпионаттың алғашқы голын Түркия құрамасының футболшысы өз қақпасына соғып алса, Дания-Финляндия арасындағы матчтың бірінші таймында дат футболшысы Кристиан Эриксен есінен танып, стадионға жиналған және ойынды теледидар арқылы тамашалаған миллиондаған жанкүйерді уайымға салып қойды.
Спорт • 13 Маусым, 2021
Теннисшілердің тарихи жетістігі
Теннистен «Үлкен дулыға» санатына енетін биылғы Франция ашық чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін өте табысты аяқталды. Жекелей сында спортшыларымыз жартылай финалға дейін жетсе, ерлер арасындағы жұптық сында өнер көрсеткен Александр Бублик пен Андрей Голубев тұңғыш рет Ролан Гаррос турнирінің финалында бақ сынады. Қазақстан теннисі тарихында мұндай ірі доданың финалында ойнау бақыты бұрын-соңды ешбір теннисшіге бұйырмаған болатын.
Кәсіпқой бокс • 16 Қыркүйек, 2019
Бірінші раундта-ақ сұлатып салды
Қазақтың шойын жұдырық иесі, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов сенбі күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden аренасында өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундтың өзінде-ақ нокаутқа жіберді. Отандасымыз бұл жеңісі арқылы «Елеусіновтің жойқын соққысы жоқ, кәсіпқой бокста жүрген қатардағы қарапайым боксшы» деп сынап жүрген жанкүйерлеріне нақты жауап беріп, өзінің мүмкіндігін көрсетті.
Бокс • 16 Қыркүйек, 2019
Әлем чемпионаты сәтті басталды
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додаға 91 мемлекеттен келген 488 былғары қолғап шебері бақ сынауда. Жаһандық жарыстың алғашқы аптасы Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті. Рингке көтерілген барлық боксшыларымыз жеңіске жетіп, ел мерейін үстем етті.
Футбол • 11 Қыркүйек, 2019
Соңғы минут синдромы тағы қайталанды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын өткізді. Сырт алаңда Ресей құрамасымен кездескен жерлестеріміз соңғы минутта өз қақпасына гол өткізіп алып, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп, соңғы минут синдромы тағы да қайталанды. Дегенмен, Қазақстан құрамасының кешегі ойыны жанкүйерлердің көңілінен шықты.
Футбол • 02 Қыркүйек, 2019
«Астана» «Олд Траффордта» ойнайды
Елорданың «Астана» командасы бесінші жыл қатарынан Еуродода ойындарының топтық кезеңіне шықты. Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Беларусьтың БАТЭ командасымен кездескен жерлестеріміз өз алаңында 3:0 есебімен жеңіске жеткенімен, сырт алаңда 0:2 нәтижесімен есе жіберді. Бірақ қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебімен топтық кезеңге жолдама алды.
Спорт • 19 Тамыз, 2019
«Астана» топтық кезеңге шыға ала ма?
Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Астана» Румынияның азулы ЧФР командасынан екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіліп, Еуропа лигасына түсіп қалғанда бірқатар футбол мамандары қазақстандық клубтың биыл топтық кезеңге шыға алмайтынын болжаған-ды. Сол «Астана» қазір бір аяғымен топтық кезеңде тұр.
Футбол • 29 Шілде, 2019
Командалар жеңіске жете алмады
Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды. Еурокубок ойындарында сынға түсіп жатқан қазақстандық командалар алғашқы кездесулерінде жеңіске жете алмады. Сырт алаңда «Астана» мен «Ордабасы» тең түссе, «Қайрат» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.