Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
107 материал табылды

Хоккей • 24 Сәуір, 2023

Жарысты жеңіспен бастады

Шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Францияның Анже қаласында шымылдығы түрілген әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Теннис • 20 Сәуір, 2023

Турнирді жеңіспен бастады

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан құмдауыт корттағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.

Шахмат • 19 Сәуір, 2023

Әлем құрамасы үздік шықты

Астанадағы шахматтан әлем чемпионатының аясында тарихта тұңғыш рет әйелдер арасындағы Қазақстан мен дүние жүзінің ең таңдаулы гроссмейстерлерінен жасақталған әлем құрамасының матчы өз мәресіне жетті. Жарыс ережесіне сәйкес, шахматшылар турнирдің алғашқы екі күнінде рапидтен сынға түссе, кеше блиц бойынша шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Үш күнге жалғасқан ойлылар додасында әлем құрамасының шахматшылары үздік шықты.

Кәсіпқой бокс • 19 Сәуір, 2023

Белдікке бастар жол қайсы?

Кәсіпқой бокстағы ең беделді ұйым­дардың бірі – Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәре­же­сіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Шахмат • 19 Сәуір, 2023

Әлемдік шахмат шеберлері – Астанада

Бұл күндері жер-жаһан­дағы шахмат жанкүйе­р­лерінің назары Қазақстан астанасына ауып отыр. Өйткені 7 сәуір мен 1 ма­мыр аралығында елордад­а шахматтан әлем чем­пиона­тының алтын тәжі сарап­қа салынып жатыр. Мұн­дай ауқымды жарыс Орта­лық Азияда алғаш рет Қазақстанда өткізіліп жат­қанын айта кеткен жөн.

Теннис • 18 Сәуір, 2023

Ұлттық құрама – үздіктер қатарында

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте алғаш рет үздік жеті елдің қатарына қосылды.

Шахмат • 18 Сәуір, 2023

Дин Лижэнь таразы басын теңестірді

Астанада өтіп жатқан классикалық шахматтан әлем чемпионатының алтыншы партиясы қытайлық гроссмейстер Дин Лижэньнің айқын жеңісімен аяқталды. Сөйтіп, жарыстың алтыншы күнінен кейін қос шахматшы арасындағы бәсекеде есеп қайта теңесті – 3:3.

Кәсіпқой бокс • 17 Сәуір, 2023

Жалынды жастардың жеңісі

Қазақтың жас кәсіпқой боксшылары Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұр­мағанбет (8-0, 6 КО) өздерінің келесі жекпе-жектерін мұхиттың арғы бе­тінде өткізіп, кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Теннис • 17 Сәуір, 2023

Финалдық кезеңге жолдама алды

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы ел тарихында екінші рет командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогі жолындағы жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды. Елордадағы Ұлттық теннис орталығында өткен бәсекеде ел мақтанышы Елена Рыбакина бастаған жерлес­тері­міз әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентектің отандас­тарын 3:1 есебімен қапы қалдырды.

Хоккей • 16 Сәуір, 2023

Легионерлер кетіп жатыр

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен ҚХЛ-да өнер көрсететін елордалық «Барыс» клубы­ның ойыншылары Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Мак­люков (2017-2021 жылдары «Барыс» сапында ойнаған) Қазақстан азамат­тығынан бас тартты.