Тарих • 29 Қаңтар, 2019
Тарихқа еуроцентристік көзқараспен қарайтын базбіреулер «көшпелілер көшіп-қонып жүрген, оларда іргелі қалалар мен ірі өндіріс орындары болмаған» деген жаңсақ ұғым қалыптастырған. Шынтуайтында, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, «біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны» екені белгілі.
Президент • 22 Қараша, 2018
Елбасының «Егеменде» жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы көпшіліктің көңілінен шығып, жұртшылықтың жүрегіне жол тапты. Қазақ елінің ғана емес, бүгінде Ұлы даладан тамыр тартқан туыс халықтардың да көшбасшысы ретінде мойындалып, ортақ мақтанышына айналған Қазақстан Президентінің тарихи санаға сілкініс әкелген, дәйекті деректері мен мәйекті мазмұны үйлескен маңызды мақаласы түркі әлемі үшін де байламды сөз, бәтуалы бағдар болды.
Руханият • 16 Қараша, 2018
Шерағаң – шарболаттай шамырқанып сөйлегенде шындықтың шырақшысына, ақиқаттың алдаспанына айналған қазақ баспасөзінің бас баһадүрі, сайыпқыран сардары Шерхан Мұртаза ағамыз бақилық болғалы да қырық күн өтіпті. Қырық күн бұрын қайран Шерағаң өзі айтқан «бір кем дүниеден» озып, ғапылдан ғайыпқа, пәниден бақиға – Айша анасы мен Тұрар көкесі мекен еткен мәңгілік ғарышқа сапар шеге барды. Сол күні халық қадірлі қайраткер қаламгерімен қимай қоштасты. Ақбас Алатау мен ару Алматы елмен бірге егіліп тұрды...
Қазақстан • 02 Қазан, 2018
Ұлы Даланың теңдессіз тарихнамасы
Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді.
Әлем • 29 Тамыз, 2018
Өрісті Өтүкен, киелі Керулен. Моңғолия экспедициясынан түйген ой
Жеткенін бағамдап, барын бағалаған қашанда жүрісінен жаңылмайды. Бұрынғылардың өнегелі істерін бағамдай білген жұрт болашаққа батыл қадам жасай алады. Тарихтан тағылым алғандар ғана өз тағдырын айқындай біледі. Сондықтан тарихты ұлт санасында сақталған ел мұратының жасампаз жылнамасы деуге болатын шығар.
Әдебиет • 12 Маусым, 2018
Түркістанды түгел билеген Еңсегей бойлы ер Есім бейнесі ел жадында
Қазақстан • 13 Сәуір, 2018
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлтқа қазық, ұрпаққа азық боларлық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының ел газеті «Егемен Қазақстанда» жарияланғанына тура бір жыл толып отыр.
Тарих • 27 Наурыз, 2018
Сарыбел шайқасы – Жетісу жерін жоңғардан азат еткен ұлы жеңіс
Отандық тарихнамада жоңғармен арпалыс кезеңі туралы жазғанда Орбұлақ пен Аңырақай шайқасы туралы жиі айтылатыны белгілі. Солай болуы да заңды. Дегенмен соңғы кезде табылған деректерді ақтарып, оларды халық зердесінің теңдессіз қазына-қоры – тарихи эпостарымызбен парықтап салыстырғанда, жоңғармен болған шешуші соғыстың соңғы нүктесін қойған тағы бір алапат шайқастың орны анықталып отыр. Қалжыраған алаш қайта сілкініп қайрат-күшін жиып, басы бір тудың астына түгел табысып, еңселі ел болуына баспалдақ болған сондай ірі оқиғаның бірі – Сарыбел шайқасы.
Әдебиет • 08 Наурыз, 2018
Жер аяғы кеңи бере басталып, қызу жүрген құрылыс күзге таман аяқталып қалды. Анасының айтуы бойынша ескі тамның сынық ағашына тиіспестен, барлығын жаңадан алып, шымқай қызыл кірпіштен өріліп, сәулетін асырып-ақ салды. Айналаға айдындана қарағандай сәндене бой көтерген еңселі ғимарат Көксудағы ең көрікті үйлердің қатарына қосылды.
Таным • 08 Наурыз, 2018
«Әлеуметтік мемлекеттің» қазақстандық моделі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Парламенттің бірлескен отырысында ел тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін, әлеуметтің әлеуетін арттыра түсетін бес бастамасын жариялағаны белгілі. Президент ұсынған қадамдардың маңызы мен ауқым дылығы тұрғысынан Қазақстанның әл-ауқатын еселеумен бірге әлемдегі «әлеуметтік мемлекет» тұжырымдамасының қазақстандық моделін нақтылай түсті.