Тұлға • 04 Қыркүйек, 2023
Қазыналы қазақ әдебиеті – толқыннан толқынға ауысып, дәуірден дәуірге өткен сайын байып-байыптанып, кемелденіп-толысып келе жатқан үздіксіз қозғалыс пен даму жолындағы өміршең әлем. Өткен ғасыр басындағы Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтар бастаған салқар керуеннің шаңырақ тартқан нарлары Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсіреповтер болып жалғасса, сол керуеннің олардан соңғы салуалы көшін Сайын Мұратбеков, Әкім Тарази сынды тарландар кейінгі буынға алтынмен айшықтап, асылмен әдіптеп тапсырғандай әсер қалдырады.
Пікір • 10 Шілде, 2023
Президент «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» Заңға қол қойды. Жаңа заң онлайн платформалар мен жалпы масс-медианың дамуына тың серпін береді деп сенеміз.
Пікір • 28 Ақпан, 2023
Мемлекет басшысы Алғыс айту күнін мерекелеудің форматын өзгерту қажет екенін айтқаны белгілі. Сондықтан атаулы мереке тұтас қоғамның көзайым құндылығына, барша халықтың ортақ мерекесіне айналуы үшін ынтымақ, бірлік, келісімнен бөлек, айналамызда мейірім мен ізгіліктің салтанат құруы маңызды.
Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2022
Әділетті мемлекет құрудағы маңызды қадам
Мемлекет мүддесі бәрінен жоғары. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент палаталарының біріккен отырысында жария етілген Қазақстан халқына Жолдауының өзегі осы сөз болды.
Тарих • 24 Тамыз, 2022
Құтлық қағанның құтты қонысы: Көне түркі дәуірінің ескерткіш кешені табылды
Жоралы жұртымызға және бүтін түркі дүниесіне киелі Өтүкен қойнауынан сүйіншілейтін ақжолтай жаңалығымыз бар. Моңғолияның Арханғай аймағындағы Номғон алқабынан көне түркі дәуіріне жататын құнды ескерткіш табылды. Бізге белгілі болған мәліметтер аталған тарихи кешеннің Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түркі қағанатының қуатын еселеп қайта жаңғыртқан Құтлық Елтеріс қағанға арналғанына көз жеткізіп отыр. Бұл тарихымыздың талай ақтаңдағын айқындайтын айтулы жаңалық, әлемдік түркологияның елеулі жетістігі.
Саясат • 21 Тамыз, 2022
Ақпараттық шабуыл, гибридтік соғыс деп аталатын мылтықсыз майданда манипуляция жасау, жұртшылықты шатастыру, шындықты бүркемелеу, жала жабу, сенімсіздік ұялату үшін көптеген fake, яки жалған ақпарат таратады. Біз бұны қаңтар оқиғасында көрдік.
Руханият • 07 Тамыз, 2022
Қаршадайынан қазақ елінің қабырғалы қаламгері атанып, балғын саусағына қалам ұстаған күнінен жұртының мұңын жоқтаған, данышпан Абайдың нәрімен бесігінде тербеліп, жас науша кезінен замана сазы мен әлемдік әдеби-мәдени сабақтастықты жүйелі игеріп, адамзаттың айтулы ақыл-ой алыбына айналған Мұхтар Әуезовтің түгел түркі халықтарына еткен қызметі айрықша. Сондықтан заңғар жазушының мерейтойы бауырлас елдер үшін ерекше белес екені анық.
Руханият • 25 Шілде, 2022
Манас, Мұхтар һәм мәдени дипломатия
Таяуда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Саммиті аясында Шолпан-Атадағы Мұхтар Әуезов музей-үйіне арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңғар жазушының бюстін ашып, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырғаны мәлім.
Қазақстан • 30 Маусым, 2022
Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция
Қазақстанның сыртқы саясатта «көпвекторлы» бағыт ұстанымының өзегінде халықаралық аренадағы барлық күш орталығымен сындарлы әрі теңгерімді, өзара тиімді қарым-қатынас құрып, мемлекет мүддесін жүзеге асыруға деген ұмтылыс жатқаны белгілі.
Тарих • 21 Маусым, 2022
Бүгін совет-герман соғысының басталған күні. Жиырмасыншы ғасырда адамзатқа алапат апат әкелген жаһандық соғыстан біз қандай сабақ алдық? Төңіректе болып жатқан қанды қырғындарға қарасақ, базбіреулер тарихтан тиісті тағылым алмаған сияқты. Жер-шарын жалмаған жаһандық соғыс тақырыбын әркім өз мүддесі тұрғысынан түсіндіріп, насихат құралына айналдырып әлек.