Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 04 Ақпан, 2019

Ынтымақтастықтың озық алаңы

Бүгінгі таңда әлем елдері өнеркәсіптік революция технологияларын қолдану мен цифрлы салаларды жаппай жандандыру ісіне айрықша мән беріп отыр. Осының нәтижесінде күн өткен сайын адамзат ақыл-ойы ұшар биікке ұмтылып, көз көріп, құлақ естімеген таңғажайып жетістіктердің жемісін көруде. Әлемдік сарапшылар, мұндағы негізгі мақсат адамзат баласының игілігі екенін ұмытпауымыз керек деп есептейді. Жұртшылықты инновацияға жұмылдырудың бәсі жаппай бәсекелесу мен табыс табудан биік тұруға тиіс. Алматы төрінде өткен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлы күн тәртібі» халықаралық форумына қатысқан саясаткерлер осылай дейді. Цифрландырудың сан саласындағы негізгі тақырыптарды саралап берген алқалы жиынға әлем елдерінің IT саласындағы жетекші мамандары мен Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінің Үкімет басшылары және Армения Республикасының вице-премьері қатысты.

Қазақстан • 04 Ақпан, 2019

Шымкентте төртінші мәрте үшем дүние есігін ашты

Еліміздегі әрбір төртінші нәресте Шымкентте туылады. Осы сандық көрсеткішті дәлелдей түскендей күні кеше үшінші мегаполисте тағы да үшем дүние есігін ашты. 38 жастағы ана Фазила Досметованың сәбилерінің үшеуі де ұл бала. Алтын құрсақты ананың енді алты бірдей перзенті бар.

Қазақстан • 04 Ақпан, 2019

Трансшекаралық өзендер: ортақ су қалай бөлінбек?

Трансшекаралық өзендер Қазақстанның экологиялық және стратегиялық сұрағы. Себебі Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, Тобыл, Есіл және Шу секілді елдің бас өзендері көрші мемлекеттерден бастау алады. Бұл Қазақстан су ресурстарының 40%-ы, яғни осынша мөлшерде іргедегі елдерге тәуелдіміз деген сөз. Жаһандық жылыну процесі жылдам жүріп жатқанда «бұлақ басында» отырған тараптар су көлемін азайтпасына кепілдік бар ма?

Қазақстан • 03 Ақпан, 2019

«Апта жаңалығы»: Кения спортшылары Қазақстан азаматтығын алды

Өткен аптада Қазақстан азаматтығын алған төрт кениялық спортшы ел біріншілігіне қатысты.

03 Ақпан, 2019

Сағынтаев пен Медведев «Медеу» мұз айдынында мотоциклдер жарысын тамашалады

Алматыда мотожарыстан өткен әлем чемпионатының ақтық сайысында ресейлік мотошабандоздар барлық жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бокс • 03 Ақпан, 2019

Альваресті жеңгеннен кейін, Головкинмен реванш өткіземін - Дэниэл Джейкобс

Орта салмақтағы IBF чемпионы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңген жағдайда, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуге ниетті екенін айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

03 Ақпан, 2019

Таразда тындырымды тірлік көп

Бүгінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов тұрғындар үшін қажетті, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін жобаларды қолға алуда. Қазіргі кезде қала ішіндегі саябақтар, балалар ойын алаңшалары сияқты халық көп шоғырланатын орындар абаттандырылып, ел игілігіне берілді.

03 Ақпан, 2019

Отандық машина өндірісіне де, тұтынушыларға да үлкен көмек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы мәжілісінде еліміздің машина өндірісіне қатысты жақсы хабар айтылды. Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің «7-20-25» бағдарламасы үлгісімен бағдарлама әзірлеп, Қазақстан азаматтарының отандық көлікті сатып алуына мүмкіндік жасайтын несие беретіні туралы мәлімдемесі бізді қуантып тастады.

Спорт • 03 Ақпан, 2019

2020 жылы шорт-трек пен конькиден «Төрт құрлық чемпионаты» өтеді

Халықаралық конькимен жүгіршілер одағы (ISU) шорт-трек пен конькиден «Төрт құрлық чемпионатын» өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды. 

03 Ақпан, 2019

Маңғыстауда кадр мамандары бас қосқан жиын өтті

Агенттіктің аумақтық департаментінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мекемелердің кадр мамандарының басын қосқан жиын өтіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды.